8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Результаты КТПР 2016 / 2016 ПҚБТ нәтижелері
Оқушылар мен педагогикалық қызметкерлергеМектептерді мемлекеттік аттестациялау кезеңіндегі кешенді тестілеу

Мектептерді мемлекеттік аттестациялау кезеңіндегі кешенді тестілеу

Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру мақсатында өткізіледі.

Мемлекеттік аттестаттау кезінде өткізілетін кешенді тестілеудің мақсаты бітіруші сыныптардың (олар болмаған жағдайда – жоғары сыныптардың) оқушыларының білім деңгейін бағалау болып табылады.

Міндеттері:

  • білім алушылардың білім деңгейін бағалау;
  • білім беру барысының ұйымдастыру тиімділігін бағалау;
  • білім беру деңгейінің білім берудегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың талаптарына толық сәйкестігін анықтау.

Орта білім берудегі кешенді тестілеу 4-сыныптарда екі пәннен (әр пән бойынша 15 сұрақ), 9-сыныптарда үш пәннен және 11-сыныптарда төрт пәннен (әр пән бойынша 20 сұрақ) өткізіледі. Әр пән бойынша 30 минут беріледі.

Кешенді тестілеудің қорытындысын бағалаудың негізгі өлшемі: білім алушылардың оңды бағаларының 70 пайызы болуы керек.

Мемлекеттік аттестаттау кезіндегі кешенді тестілеу бойынша білім алушылардың білім деңгейлерін бағалау шкаласы:

  • Сұрақтардың 90-100% дұрыс жауап берген білім алушылар «өте жақсы» деп бағаланады;
  • Сұрақтардың 75-89% дұрыс жауап берген білім алушылар «жақсы» деп бағаланады;
  • Сұрақтардың 50-74% дұрыс жауап берген білім алушылар «қанағаттандырарлық» деп бағаланады;
  • 50% -дан төмен - «қанағаттандырарлықсыз».

Нормативтік сілтемелер:

Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесі

Орта білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау кезіндегі кешенді тестілеуді ұйымдастыру мен өткізудің технологиялық нұсқаулығы

ММА тапсырмалар үлгілері

1-жарты жылдық



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ