8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
2017 ж. КТ нәтижелері

ПҚБТ-ға дайындық үшін

       Біліктілікті тестілеудің тест тапсырмалары төменде көрсетілген спецификацияларға сәйкес құрастырылады. Онда пәндердің бөлімдері (бөлімшелері), сонымен қатар «ҚР Заңнамаларын білу» бөліміне арналған – заңдар (кодекс) және соған сәйкес мақалалар көрсетілген.

       Сондай-ақ спецификацияда тестілеуге дайындалу үшін әдебиеттердің тізімі ұсынылған. Мектеп пәндері үшін негізгі әдебиеттер - ҚР Білім және ғылым министрлігінің мектепте пайдалануға ұсынған оқулықтары болып табылады. 

         Тесттің құрамы 

  • бір дұрыс жауабы бар 10 тапсырма, 
  • бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар 5 тапсырма, 
  • бір жағдаятқа (бір дұрыс жауабы бар) 5 тапсырмадан тұрады.
          Бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырма мынадай жолмен бағаланады: 
  • дұрыс жауаптың бәрін таңдағанда 2 балл, 
  • бір қате жіберілсе (дұрыс жауаптың 1-уі табылмаса немесе 1 дұрыс емес жауап таңдалса) 1 балл, 
  • екі немесе одан да көп қатеге 0 балл. 
          Жағдаяттық тапсырмаларда бір жағдаятқа 5 тапсырма беріледі. Жағдаят мәтін (ғылыми, көркем мәтін), таблица, схема, графика, суреттер түрінде немесе бірнеше ақпаратты бірден беруі мүмкін.  

        Осы тапсырмаларды жақсылап орындау үшін жағдаятпен және берілген тапсырмаларымен мұқият танысу керек. Дұрыс жауап жағдаяттағы мәнмәтінде (контекст) немесе тапсырмаларда берілуі мүмкін. 

       2016 жылы төмендегі пәндердің педагогтарын жаңа құрылыммен тестілеу жүзеге асты. 

  • Мектепке дейінгі тәрбие 
  • Бастауыш сынып,
  • Қазақ сыныптарындағы қазақ тілі, 
  • Орыс сыныптарында қазақ тілі, 
  • Қазақ сыныптарында орыс тілі, 
  • Орыс сыныптарындағы орыс тілі, 
  • Математика  
  • Физика, 
  • Информатика,
  • Биология, 
  • География, 
  • Қазақстан тарихы 
  • Дүние жүзі тарихы, 
  • Ағылшын тілі, 
  • Дене шынықтыру. 
  • Экономика және қаржылық сауаттылық негіздері 
  • Алғашқы әскери дайындық 
  • Адам. Қоғам. Құқық 
  • Зайырлылық және дінтану негіздері 
  • Неміс тілі 
  • Психология 
  • Сызу 
  • Химия 
  • Орыс сыныптарындағы қазақ әдебиеті 
  • Француз тілі 
  • Қазақ сыныптарындағы орыс әдебиеті 
  • Орыс әдебиеті 
  • Бейнелеу өнері 
  • Қазақ әдебиеті 
  • Технология (ер балаларға арналған) 
  • Технология (қыз балаларға арналған) 

Спецификациялар

ПҚБТ спецификациялары

Тапсырмалар үлгілері

ПҚБТ жаңа құрылымы бойынша тапсырмалар үлгілері




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ