8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Тестіленушінің жеке кабинеті

Жаңалықтар

Жоғары оқу орындарына қабылдау емтихандарына арналған тест тапсырмаларының бірінші сараптамасы

2018 жылғы 4 – 13 маусым аралығында Ұлттық тестілеу орталығының базасында Жоғары оқу орындарына қабылдау емтихандарына арналған пәндер бойынша тест тапсырмаларының бірінші сараптамасы басталды.

Тест тапсырмаларының сараптамасын өткізуге мектеп мұғалімдері мен   

Қазақстандық жоғары оқу орындарының оқытушылары болып табылатын әртүрлі пән салалары бойынша 57 сарапшы жұмылдырылды. Сараптама жұмысына ағымдағы жылдың наурыз айында әзірленген бір дұрыс жауапты анықтауға және бір немесе бірнеше дұрыс жауапты анықтауға арналған тест тапсырмалары ұсынылды.

Сараптаманың мақсаты – 2019 жылғы жоғары оқу орындарына қабылдау емтихандарына арналған тест тапсырмаларын сапалы және уақытылы дайындау. Бұл өз кезегінде жоғары оқу орындарына түсушілердің нәтижелерінің объективті болуын қамтамасыз етеді. Сарапшы әр тест тапсырмасын кешенді және жан-жақты тексеріп, тапсырмалардың белгіленген тақырыпқа, білім беру стандартына сәйкестігін, жауаптың дұрыстығы мен мәндес болып келуін, қиындық деңгейінің дұрыс белгіленуін және тест тапсырмасын орындау уақытын бақылауға тиісті.

Бірінші сараптаманың қорытындысы бойынша тест тапсырмаларының мазмұндық бөлігінің сапасы туралы пікірлер, оларды жақсарту бойынша ұсыныстар, тест тапсырмаларының спецификацияға сәйкестігі жөнінде тұжырым жасалып, сараптамалық қорытынды шығарылады.

Бірінші сараптаманың нәтижесінде тест тапсырмалары 2018 жылғы тамыз айында өтетін екінші сараптамаға ұсынылады.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ