8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 10 қазандағы № 512 «2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жоғары білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу туралы» бұйрығына сәйкес, оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) 2017 жылғы қараша айының 8-13 аралығында 46 ЖОО-ның базасында өткізіледі.

2017 жылдың 2-6 қазан аралығында Грузия Республикасы Батуми қаласында «Бағалау – қоғамдық тетік ретінде» тақырыбында  Грузия Ұлттық Бағалау және Емтихандар Орталығының ұйымдастыруымен Білім беруді бағалау жөніндегі Халықаралық Қауымдастығының 43-ші кезекті конференциясы өткізілді. 

Оқу жетістіктерін сырттай бағалау сынағына дайындық мақсатында 2017 жылдың 25 қыркүйегі мен 6 қазан аралығында Алматы қаласындағы «НАРХОЗ» университеті базасында «Техникалық ғылымдар және технологиялар», «Жаратылыстану ғылымдары», «Ауылшаруашылығы ғылымдары», «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес», «Гуманитарлық ғылымдар», «Білім», «Қызмет көрсету» бағыттарындағы мамандықтар пәндері бойынша тест тапсырмаларына сараптама жұмысы ұйымдастырылды.

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен 2017 жылғы 25-27 қыркүйек аралығында Орал қаласындағы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің базасында  «ҚАЗТЕСТ жүйесі: енгізу тәжірибесі, жетістіктері мен даму болашағы» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. 

2017 жылғы 2-6 қазан аралығында Ұлттық тестілеу орталығы Көкшетау және Семей қалаларында оқыту семинарын өткізуде. Семинар мақсаты – тест технологиясын оқу үрдісінде қолдану бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру. 

Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі – ҰТО) жыл бойына педагог қызметкерлер үшін онлайн режимінде байқау сынағын өткізеді.

Тестілеу барлық мұғалімдер, әсіресе ағымдағы жылы аттестацияны мерзімінен бұрын тапсырушы педогогикалық қызметкерлер үшін арналған.
2017 жылдың 25-30 қыркүйек аралығында Қарағанды қаласында Оқу жетістігін сырттай бағалауға арналған тест тапсырмаларының базасын толтыру мақсатында функционалдық сауаттылық бойынша әзірленген тест тапсырмаларының бірінші сараптамасы өткізілуде.

ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту жөніндегі басқарма екі бағытта жұмыс жасайды: тест тапсырмаларын қалыптастыру және мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау мақсатында тестілеу өткізу.

Ағымдағы жылдың 18-22 қыркүйек аралығында Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған пәндер бойынша тест тапсырмаларының апробациясы өткізілуде. 
Күнтізбе
<Пред
Қыркүйек 2017
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖК
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ