8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Тестіленушінің жеке кабинеті

Жаңалықтар

Жоғары білімнің оқу жетістіктерін сырттай бағалаудың тест тапсырмаларына сараптама өткізілді

2018 жылдың 12-23 ақпан аралығында Астана қаласындағы Ұлттық тестілеу орталығында және Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ЖБ ОЖСБ пәндерінің тест тапсырмаларына қазақ және орыс тілдерінде сараптама өткізілді.

«Гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес», «Ауылшаруашылығы ғылымдары», «Қызмет көрсету», «Құқық», «Жаратылыстану ғылымдары», «Техникалық ғылымдар және технологиялар» бағыттарындағы пәндер бойынша тест тапсырмаларына бірінші және екінші сараптама жасалды. Сарапшылар жұмысы қағаз нұсқасында және құпия режимдегі электрондық нұсқада жүргізілді.

Сараптамаға Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы технологиялық университеті, Сәтбаев университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы секілді  жоғары оқу орындарынан 60 оқытушы-профессорлық құрамы қатысты.

Тест тапсырмаларының сапасы және оның ЖБ ОЖСБ сынағына қолданылуы туралы ұсыныс әрбір сарапшының сараптамалық қорытындысында көрсетілді.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ