8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Тестіленушінің жеке кабинеті

Жаңалықтар

Жоғары білімдегі оқу жетістіктерін сырттай бағалаудың тест тапсырмаларын әзірлеушілер мен сарапшыларға арналған оқыту семинары

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы ағымдағы жылдың 21-25 мамыр аралығында ОЖСБ тест тапсырмаларын әзірлеушілер мен сарапшыларға әдістемелік көмек көрсету мақсатында Атырау қаласында оқыту семинарын өткізді. Семинар Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің базасында ұйымдастырылды.

Семинардың негізгі мақсаты – мәселелік жағдайдан шығатын сұрақтар бойынша жоо-ның оқытушыларын оқыту қажеттілігі. Өйткені, осы тест тапсырмаларын педагогикалық формаға сай әзірлеуде оқытушылардың жеткіліксіз дайындығы мен жоо-ны бітіруші студенттердің оқу жетістіктерін сырттай бағалаудың объективті әдістеріне қойылар талаптар арасында қайшылықтар бар екендігі орын алуда.

Семинарға қатысушылар – университеттің профессорлық -оқытушылық құрамы, ОЖСБ пәндері бойынша тест тапсырмаларының әлеуетті әзірлеушілері болып саналады.

Семинар лекторлары ретінде Ұлттық тестілеу орталығының қызметшілері дәріс оқыды.

Курс соңында тыңдаушыларға сертификаттар тапсырылды.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ