8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Кешенді тестілеуінің нәтижелері

Жаңалықтар

ЖБ ОЖСБ байқау тестілеуі

2018-2019 оқу жылының бітіруші курс студенттерін жоғары білім беру ұйымдарындағы оқу жетістіктеріне сырттай бағалауға (ЖБ ОЖСБ) дайындау мақсатында ағымдағы жылдың 18-19 сәуірінде 27 ЖОО-ның базасында  ЖБ ОЖСБ байқау тестілеуі өткізіледі. Байқау тестілеуіне 74 ЖОО-ның 25254 студенті қатысады.

Байқау тестілеуіне қатысу студенттерге тестілеуді өткізу технологиясымен және тест тапсырмаларымен танысуға мүмкіндік береді. 

2018 жылы ЖБ ОЖСБ 8 бағыттың 101 мамандығы бойынша өткізіледі:

  • Білім – 20 мамандық;

  • Гуманитарлық ғылымдар – 9 мамандық;

  • Құқық – 3 мамандық;

  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес– 8 мамандық;

  • Жаратылыстану ғылымдары– 12 мамандық;

  • Ауылшаруашылық ғылымдары–12 мамандық;

  • Техникалық ғылымдар және технологиялар– 28 мамандық;

  • Қызмет көрсету – 9 мамандық.

Сонымен қатар, 2018 жылғы ЖБ ОЖСБ-ға «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» бағытының 6 мамандығының ағылшын тілінде оқитын студенттері қатысады:

  • 5В050600 «Экономика»

  • 5В050700 «Менеджмент»

  • 5В050800 « Есеп және аудит»

  • 5В050900 «Қаржы»

  • 5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару»

  • 5В051100 «Маркетинг»




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ