8 800 080 71 77
info@testcenter.kz

2019 білім беру гранттарының нәтижелері

Жаңалықтар

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША 4 ЖӘНЕ 9 - СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН СЫРТТАЙ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ САРАПТАМАСЫ

2019 жылғы 9-16 шілде аралығында Қостанай және Петропавл қалаларында Орта білімдегі оқу жетістіктерін сырттай бағалауға (бұдан әрі – ОБ ОЖСБ) арналған тест тапсырмаларының бірінші сараптамасы өтті. Сараптаманың мақсаты – ОБ ОЖСБ-ға арналған тест тапсырмаларының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына және орта білім бағдарламаларына сәйкес келуін анықтау. Тест тапсырмаларының сараптамасына Қостанай қаласының ғылыми-жаратылыстану және Петропавл қаласының қоғамдық-гуманитарлық бағыттары бойынша жұмыс жасайтын білікті мұғалімдер қатысты. Сараптамаға қатысқан мұғалімдердің жалпы саны – 40 адам.
0005.jpg

Сараптамаға жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы бойынша оқушылардың пәндік білім жетістіктерін бағалауға арналған тест тапсырмаларымен (бір немесе бірнеше дұрыс жауапты) қатар, функционалдық сауаттылықты бағалауға арналған контекстік тест тапсырмалары (бір дұрыс жауапты) ұсынылды.

Функционалдық сауаттылықты бағалауға арналған контекстік тест тапсырмалары үш бағытта: ғылыми-жаратылыстану, математикалық және қоғамдық-гуманитарлық. Қоғамдық-гуманитарлық бағытқа қатысты қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша «Тыңдалым» және «Оқылым» бөлімдеріне арналған тапсырмалар әзірленді.

Контекстік тест тапсырмаларына сараптама жүргізу барысында келесі мәселелерге көңіл бөлінді:

-       суреттерді қолданудың қажеттілігі;

-       берілген сурет, диаграмма, сызбалардың нақтылығы;

-       суреттерге берілген түсініктемелер мен сілтемелердің нақтылығы және анық көрінуі;

-       контекст/мәтін мазмұнында артық ақпараттың болмауы.

     Сараптама нәтижесі бойынша келесі ұсыныстар жасалды:

-       тыңдалым мен оқылым мәтіндері мен контекст материалдарының оқу бағдарламаларына сәйкес келуі;

-       контекстерде қолданылатын мәтін көлемінің бекітілген нормаларға сәйкестігі және артық ақпараттың болмауы;

-       тест тапсырмаларын әзірлеу кезінде математика және физика пәндері бойынша тапсырмаларды есептеуге жұмсалатын уақытты есепке алу.

Халықаралық салыстырмалы PISA зерттеуінде қолданылатын тапсырмаларға ұқсас контекстік/мәтіндік тест тапсырмалары қазақстандық мониторингілік зерттеуде бірнеше жыл қатарынан қолданылып келеді.

«Тыңдалым» бөліміне арналған тест тапсырмалары жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасына сәйкес ОБ ОЖСБ-да 2020 жылы алғаш қолданылатын болады.         

 

 

 

 

 

 

 

 

 





  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ