8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
ОНЛАЙН БАЙҚАУ СЫНАҚТАР

Жаңалықтар

ҰТО филиалдары жетекшілерімен өткізілген жылдық семинар туралы пресс – релиз

Ағымдағы жылдың 28 қарашасы мен 15 желтоқсан аралығында ҰТО филиалдарының жетекшілерімен қорытынды семинар өткізілді. Семинарға филиалдардан 150 жетекші, 4 сарапшы және ҰТО-ның құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері қатысты.

      Семинарда филиалдардың ағымдағы жылда атқарған жұмыстарының нәтижесі (емтихандарды ұйымдастыру және өткізу, кадрлық жұмыс, жұмыс тәртібі, филиалдардағы вакансия, сынама тестілеу кітапшалары мен оқу-әдістемелік құралдарын сату) қорытындыланды және облыстар бойынша базалық филиалдар жетекшілерінің 2016 жылы атқарылған жұмыстардың есептері тыңдалды.

ҰБТ-ның жаңа форматына байланысты филиалдарға жүктелген міндеттер анықталды:

1)    Жаңа форматтың енгізілуі;

2)    Филиалдардың кадрлық құрамының дайындығы;

3)    Мектеп бітірушілер мен халық арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жоғары сапада өткізу.

Есеп беру семинары аясында төменде көрсетілген тақырыптар бойынша филиалдар жетекшілеріне оқыту семинарлары өткізілді:

1)    Филиалдардың ҚазТест жүйесі бойынша жұмыстардың нәтижесі;

2)    ҰБТ-ның жаңа форматы бойынша;

3)    Қорытынды аттестаттау және ЖОО-ға түсу емтихандарының тест тапсырмаларының базасын қалыптастыру бойынша;

4)    ОБ ОЖСБ-ның технологиясы бойынша;

5)    Сынама тестілеу кітапшалары мен оқу-әдістемелік құралдарын сату бойынша.

      Семинардың соңында барлық филиалдар жетекшілері ағымдағы жыл бойынша қаржы-экономикалық бөлімімен есептесуді жүзеге асырды.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ