8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Шет тілдерінен түсу емтиханының нәтижелері

Жаңалықтар

Шет тілі бойынша магистратура, резидентура және докторантураға түсу емтиханын және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін ғылыми-педагогикалық, бейінді магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеуді өткізу

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 24 шілдедегі № 369 «2018-2019 оқу жылына жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орындарында шет тілі бойынша түсу емтиханын және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін ғылыми-педагогикалық және бейінді магистратурада кешенді тестілеуді өткізу туралы» бұйрығына сәйкес тестілеу 2018 жылғы 10-15 тамыз аралығында өткізіледі.

Тестілеу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген 29 жоғары оқу орнының базасында жүргізіледі.

Биылғы жылы тестілеуге қатысу үшін 113 университеттің және 13 ғылыми ұйымның 43955 үміткерінен өтініштер қабылданды, оның ішінде:

  • докторантураға – 6285;

  • магистратураға – 34674;

  • резидентураға – 2996.

Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін кешенді тестілеуге қатысу үшін 21 мамандық бойынша 1240 үміткерден өтініш берілді.

Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға түсу кешенді тестілеуі 10-11 тамызда 17 базалық ЖОО-да өткізіледі.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ