8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz

Жаңалықтар

Педагогтардың біліктілік тестілеуге дайындығы

Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі – ҰТО) жыл бойына педагог қызметкерлер үшін онлайн режимінде байқау сынағын өткізеді.

Тестілеу барлық мұғалімдер, әсіресе ағымдағы жылы аттестацияны мерзімінен бұрын тапсырушы педогогикалық қызметкерлер үшін арналған.

Онлайн байқау сынағы ақылы түрде өткізіледі, бір реттік тестілеу құны 264 теңге. Тестілеу ақысын  ҰТО-ның реквизиттері бойынша Халық  банкі  немесе Казпошта, сонымен қатар «Касса 24» терминалы арқылы төлеуге болады.

Әр педагог бірнеше рет байқау сынағынан өтуге болады, бірақ сынақ нұсқалары қайталанады.

Онлайн байқау сынағы тестілеуінің арқасында мұғалім өзінің біліктілік деңгейін тексеріп, бағдарламалық құрылымның интерфейсімен таныса алады.

ПҚБТ-не дайындық туралы көбірек ақпарат алу үшін  testcenter.kz ҰТО сайтынан http://www.testcenter.kz/ru/schools/for-ktpr/  сілтемеге өтіңіз.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ