8 800 080 71 77
info@testcenter.kz

2019 ж. (маусым-шілде) Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесі

Жаңалықтар

Педагог қызметкерлердің біліктілік тестілеуінің қорытындысы туралы ақпарат

Ағымдағы жылдың 20-23 қараша аралығында педагог қызметкерлерге арналған біліктілік тестілеуі өткізілді.

Біліктілік тестілеуге қатысқандардың саны – 5285, оның ішінде қазақ тілінде – 3794, орыс тілінде – 1491 адам.

Педагог қызметкерлерді біліктілік тестілеу Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен компьютерлік тестілеу әдісі арқылы онлайн режимінде өткізілді.

«Қызмет бағыты бойынша» - 50%, «Педагогика және оқыту әдістемесі» бойынша - 50% дұрыс жауап алынса, тестілеу нәтижесі оң деп есептеледі. «Қызмет бағыты бойынша» блогында 70 сұрақтың бірнешеуі бір немесе бірнеше дұрыс жауаптан тұратындықтан, ең жоғары 80 балды құраса, ал «Педагогика және оқыту әдістемесі» бойынша 30 сұрақтан 30 балды құрайды.

Біліктілік тестілеуден өту балын жинай алмаған немесе дәлелді себептермен тестілеуге қатыспаған педагог қызметкерлер ағымдағы жылдың 11-13 желтоқсан күндері аралығындағы қайта тестілеуден өтеді.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ