8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
2017 ж. ПҚБТ нәтижелері

Жаңалықтар

ПҚБТ өткізуге дайындық

Педагог қызметкерлердің біліктілік тестілеуі (әрі қарай - ПҚБТ) - мерзімінен бұрын аттестатталатын педагог қызметкерлердің кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтау үшін өткізілетін міндетті кезеңдердің бірі.

Ағымдағы жылғы 14-17 қарашада өткізілетін бірінші тестілеуге өтініштерді қабылдау 25 қазан - 6 қараша аралығында, қайта тестілеуге (13-15 желтоқсан) өтініштерді қабылдау 27-30 қараша аралығында жүргізіледі.

Біліктілік тестілеуге қатысу үшін педагог қызметкерлер жергілікті жердегі аттестаттау комиссияларына өтініш білдіреді. Педагог қызметкерлердің өтініштері аудандық (қалалық) білім бөлімдерімен анықталған пункттерде тіркеліп, педагог қызметкерлерге ПҚБТ-ге қатысу үшін рұқсаттамалар беріледі.

Тестілеу Ұлттық тестілеу орталығы (әрі қарай – Орталық) әзірлеген бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен онлайн тәртібінде өткізіледі.

Тестілеудің нәтижесі кешенді тестілеу өткізілген орында барлық лектер аяқталғаннан кейін беріледі. Сондай-ақ, педагог қызметкерлері өз нәтижесін тестілеу аяқтаған сәтте немесе тестілеу күнінің соңында Орталық сайтынан алуына болады.

Тестілеу нәтижелері «Қазақстан Республикасының заңнамаларынан» - 50%, «Педагогика және психология негіздерінен» - 50% және «Пәндік білім негіздері» бойынша - 70%-дан төмен болмаған жағдайда қанағаттанарлық болып есептелінеді.

Педагог қызметкерлер тест тапсырмаларының үлгі нұсқалары және компьютерлік бағдарламамен Орталық сайтынан таныса алады. Сонымен қатар, http://www.testcenter.kz/schools/ktpr-tests/сайты арқылы онлайн-байқау сынағын өту мүмкіндігі бар.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ