8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
2017 ж. КТ нәтижелері

Жаңалықтар

Отандық құрал ICILS-пен бірге!

Отандық Оқушылардың ақпараттық-коммуникативтік сауаттылықтарын бағалау құралы  алғашқы рет 9-шы сынып оқушыларына арналған Оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) мен 11-ші сынып оқушыларына арналған Қорытынды аттестаттау бағалау жүйелеріне таңдау пәні ретінде енгізілді.  

Ақпараттық-коммуникативтік сауаттылық (АК-сауаттылық)– бұл оқушылардың ақпараттық және коммуникативтік технологияларды пайдаланып тұрмыстық, оқу, кәсіптік тапсырмаларды білім, білік және дағдылардың көмегімен шешу дағдылары.  

Біздің әзірлеген құрал басқа да мемлекеттердің құралдарына қарағанда, информатика пәні бойынша оқу бағдарламасымен тығыс байланыста. Сол себепті оқушылардың АК-сауаттылығын бағалауға арналған тапсырмалар пән бойынша барлық оқу материалдарын қамтиды.

Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген АК-сауаттылықты бағалауға арналған құрал екі бөлімнен тұрады:

  • бірінші бөлім «Информатиканың негізгі түсініктері» оқушылардың теориялық білімдерін бағалауға арналған 20 бір дұрыс жауапты тест тапсырмаларынан;

  • екінші бөлім «Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар»  оқушылардың компьютердің көмегімен әртүрлі өмірлік жағдаяттарды шешу арқылы тәжірибелік дағдыларын анықтауға арналған тапсырмалардан тұрады.

Оқушылардың АК-сауаттылығын бағалайтын Отандық құрал ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланып оқушылардың ақпаратпен жұмыс жасау қабілетін, тәжірибелік тапсырмаларды орындау дағдылары мен пәнаралық білімдерін тексереді.

Еліміздің оқушылары 2018 жылы алғаш рет Халықаралық компьютерлік және ақпараттық сауаттылықты бағалауға арналған  ICILS (International Computer and Information Literacy Study) зерттеуіне қатысады. Сондықтан оқушылардың АК-сауаттылығын бағалауға арналған Отандық құрал аталған Халықаралық зерттеуде оқушылардың жақсы көрсеткіш көрсетуіне ықпал етеді деп сенеміз.

Отандық АК-сауаттылықты бағалауға арналған құралмен ҰТО сайтында танысуға болады: 
http://testcenter.kz/entrants/itog/




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ