8 800 080 71 77
info@testcenter.kz

2019 ж. (маусым-шілде) Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесі

Жаңалықтар

Қорытынды аттестаттау бойынша ақпарат

Білім алушыларды қорытынды аттестаттау – тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарында көзделген оқу пәндерінің көлемін, олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.

Қорытынды аттестаттау 11(12)-сыныптардың білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтиханы болып табылады және бітіруші білім алған мектептің базасында өткізіледі.

Өткізу мерзімі: 2019 жылғы 29 мамыр – 9 маусым аралығында.

2019 жылғы қорытынды аттестаттауға 5 265 мектеп, 134 088 оқушы қатысады. Таңдау пәні ретінде биология пәнін – 37 727 оқушы, физика пәнін – 28 278, география пәнін – 32 142, ағылшын тілі – 12 072, француз тілін – 17, неміс тілін – 60, дүниежүзі тарихы пәнін – 12 061, әдебиет пәнін – 6 053, химия пәнін – 3 991, геометрия пәнін – 1 186, информатика пәнін - 501 оқушы таңдады.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ