8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Шет тілдерінен түсу емтиханының нәтижелері

Жаңалықтар

Орта білімдегі оқу жетістіктерін сырттай бағалауға және функционалдық сауаттылықты анықтауға арналған пәндер бойынша тест тапсырмаларының сараптамасы

2018 жылғы 9-16 шілде аралығында Алматы қаласында Орта білімдегі оқу жетістіктерін сырттай бағалауға және оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалауға арналған пәндер бойынша тест тапсырмаларының бірінші сараптамасы жүргізілуде (бұдан әрі – ОБ ОЖСБ).

Сараптамаға оқушылардың пәндік білімдері мен функционалдық сауаттылықтарын бағалауға арналған тест тапсырмалары ұсынылды. Тест тапсырмаларының сараптамасына Алматы қаласының және республиканың өзге де аймақтарының мұғалімдері қатысуда.

Сараптаманың мақсаты:

  • тест тапсырмалары мазмұнының Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандарттары мен оқу бағдарламаларына сәйкестігін анықтау;

  • әзірленген тест тапсырмаларының сапасын және контекстік тапсырмалардың қиындық деңгейін анықтау.

2018 жылы ОБ ОЖСБ үшін мазмұны жағынан білім беру саласындағы халықаралық салыстырмалы зерттеулерде пайдаланылатын тапсырмаларға ұқсас тест тапсырмалары әзірленді.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалауда басшылыққа алынатын үш бағыт: математикалық сауаттылық, ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы және оқу сауаттылығы.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ