8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Шет тілдерінен түсу емтиханының нәтижелері

Жаңалықтар

Орта білімдегі оқу жетістіктерін сырттай бағалауға арналған пәндер бойынша тест тапсырмаларының сараптамасы

2018 жылғы 23-30 шілде аралығында Павлодар қаласында Орта білімдегі оқу жетістіктерін сырттай бағалауға (бұдан әрі – ОБ ОЖСБ) арналған тест тапсырмаларының екінші сараптамасы жүргізілуде.

Сараптамаға оқушылардың пәндік білім жетістіктерін бағалауға арналған тест тапсырмаларымен қатар, функционалдық сауаттылықты бағалауға арналған тест тапсырмалары ұсынылып отыр.

Функционалдық сауаттылықты бағалауға арналған тест тапсырмалары –математикалық сауаттылық, ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы және оқу сауаттылығы бағыттары бойынша мазмұны және формасы жағынан халықаралық салыстырмалы зерттеулерде қолданылатын тапсырмаларға ұқсас контекстік тест тапсырмалары.

Сараптаманың мақсаты – ОБ ОЖСБ-ға арналған тест тапсырмаларының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес орта білім бағдарламалары мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен оқулықтар мазмұнына сәйкес келуін анықтау.

Тест тапсырмаларының сараптамасына Павлодар қаласының және республиканың өзге де аймақтарының білікті мұғалімдері қатысуда.

Сараптама қортындысы бойынша тест тапсырмалары 2019 жылғы ОБ ОЖСБ шарасында қолданылуға ұсынылады.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ