Жаңалықтар
Онлайн-байқау тестілеуін бір минутта төлеу!
Сайт қолданушыларына ыңғайлы болуы үшін Ұлттық тестілеу орталығы «Жеке кабинеті» веб-қосымшасын іске қосып отыр.
Бүгінгі күннен бастап Сіз кез-келген онлайн-байқау тестілеуінен өту үшін үйден шықпай отырып, тінтуірді бірнеше рет шертіп қана төлеуге болады.
Ол үшін:
1. cabinet.testcenter.kz сілтемесіне көшіңіз.
2. Электрондық поштаңыз арқылы тіркеліңіз.
3. Электрондық пошта арқылы авторизациядан өтіңіз.
4. Тестілеу түрін таңдаңыз.
5. Тестілеу санын көрсетіңіз.
6. Төлемақысын төлеу жолын таңдаңыз:
-
«24 жеке кассаңыз» арқылы (бұл сіздің онлайн-әмияныңыз, оны Касса 24 терминалдары немесе ғаламтор арқылы банк карточкасынан толтыра аласыз);
-
банк карточкасы арқылы;
-
WebMoney арқылы.
Жеке кабинетіңізді қолданудың артықшылығы:
-
Онлайн-байқау тестілеуінің төлемақысын тез арада, оңай төлеуге болады.
-
Төлемін өзіңізге ыңғайлы уақытта жасауға болады.
-
Төлемін жасағаннан кейін сатып алынған мүмкіндіктерді көріп отырып, Жеке кабинетіңізде тестке кірісуге болады.
-
Жеке кабинеттің интерфейсі қарапайым және өте қолайлы: бірнеше рет тестілеуден өткен тарихын сақтайды.