Жаңалықтар
ОЖСБ-ға өтініш берген 61138 студенттің 57656-сы қатысты, бұл 94,30% құрайды. Мүмкін болған 200 балдан республика бойынша орташа балл көрсеткіші – 67,69.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу Қағидаларына сәйкес жоғары оқу орнына ақылы негізде оқуға қабылдау үшін 2020 жылғы 15 мен 20 қаңтар аралығында Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізіледі.
2019 жылғы 12-13 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында «Hilton Astana» қонақүйінде ««ҚАЗТЕСТ жүйесінің жаңа форматы: даму перспективалары» тақырыбында ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының әзірлеушілері мен сарапшыларына арналған біліктілікті арттыру курсы өткізілді.
2019 жылғы 25 қазанда білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі Республикалық конкурстық комиссияның отырысы өтті.