8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
2017 ж. ПҚБТ нәтижелері

Жаңалықтар

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі

Қазақстанда 2013 жылдан бастап Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі – МБЖЖ) қызметін бастады.

Жүйе Қазақстан Республикасының әр азаматына өзінің атына немесе баланың атына білім беру жинақтау салымын ашып, оны болашақта Қазақстанның және шет елдердің колледждері мен ЖОО-ларында оқудың ақысын төлеу үшін жұмсауға мүмкіндік береді. Жүйенің операторы «Қаржы орталығы» АҚ болып табылады.

Бүгінгі таңда 16 000 – нан астам білім беру жинақтау салымы ашылды.

Білім беру жинақтау салымына МБЖЖ-ға қатысушы банктен ай сайын жылдық 14% сыйақы мен жыл сайын мемлекеттен 5% немесе 7% (жеңілдікті санаттағылар үшін) сыйлықақы есептеледі: 

2.png

Білім беру жинақтау салымының артықшылықтары:

  • Мемлекет сыйлықақысына табыс түрі ретінде салық салынбайды; 

  • Білім беру жинақтау салымдары 10 млн. теңгеге дейін Қазақстандық салымдарды кепілдендіру қорының нысаны болып табылады;

  • Минималды бастапқы жарна – 3АЕК (2016 ж. 6 363 теңге);

  • Жинақтау мерзімі – 20 жылға дейін;

  • Мемлекеттің атынан ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ-ның 100% кепілдігімен банктен білім беру кредитін алу мүмкіндігі бар. 

 Білім беру гранты тағайындалған салымшының құқығы:

  • жинақты мемлекет сыйлықақысымен бірге алу;

  • жинақты мемлекет сыйлықақысымен бірге алу;

  • білімнің басқа деңгейлерін алу үшін жинақтауды жалғастыру.

* Мемлекеттік сыйлықақы мен банктің сыйақысы капиталға айналып, білім беру жинақтау салымдары бойынша табыстылық 19 % құрайды, нәтижесінде салымшы білім беру қызметтерін сатып алу шығыстарынан үнемдейді.

Білім беру жинақтау салымын ашу үшін қажетті қадамдар:

1-қадам – МБЖЖ-ға қатысушы банктердің бірін таңдау.

2-қадам–  Білім беру жинақтау салымын ашу.

3-қадам – Бастапқы жарнаны енгізу.

Құжаттар:

-  ата-ананың бірінің жеке куәлігі;

- баланың туу туралы куәлігі және ЖСН.

Қатысушы банктер жүйесі:

 

Салымның ең төменгі соммасы

Қасымша төлемдер

Банк сыйақысы

Цесна Банк

3 АЕК (2016 ж. 6363 тг)

Кез келген уақытта, шектеусіз

14% (ЖТМ – 15,2%)

Нурбанк

3 АЕК (2016 ж. 6363 тг)

Кез келген уақытта, шектеусіз

14%  (ЖТМ – 14,9%)

Хылық банк

15 000 тг.

10 000 тг.

14%  (ЖТМ – 14,9 


МБЖЖ ше
ңберіндегіқайырымдылық

Білім беру жинақтау жүйесі   әлеуметтік қорғалмаған топтағы балаларға қаржылық көмек көрсету бойынша қайырымдылық жобалары шегінде қолдына алады. Сонымен, МБЖЖ аясында жүзеге асқан жобалар бар:

  • Бөбек қоры 2014 – 2015 жылдары 7 769 білім ұйымдары тәрбиеленушілеріне білім беру жинақтарын ашу арқылы, қайырымдылық көмегін көрсетті.

  • «Нұр Отан» партиясы 2015 жылы «Келешекке салым» акциясы шегінде 2077 әлеуметтік қорғалмаған топтағы балалар қамтылды.

  • 2015 жылы БҒМ-нің «Өзіңнен баста» қайырымдылық акциясын депутаттар корпусы мен спорт-бизнес қауымдастықтары, мемлекеттік органдар қолдады.

Және де, білім беру сұрақтарын әлеуметтік корпоративтік жауапкершілік шегінде шешуге болады.

 Мемлекеттің кепілдігімен білім беру кредиті

 «Қаржы орталығы» АҚ қызметінің бірі түрі абитуриенттерге/студенттерге қаржы ұйымдары беретін білім беру кредитеріне кепілдік ұсыну болып табылады.

«Қаржы орталығы» АҚ кепілді міндеттемесінің  мөлшері абитуриенттің/студенттің үлгеріміне байланысты негізгі қарызының сомасынан   50% -дан  100%-ға дейін.

 Қарыз алушының басымдығы:

1.     кредит абитуриенттің/студенттің өзіне ресімделеді, яғни,  оқуға төленетін ақы ата-аналардан абитуриенттің/студенттің өзіне ауысады;  

2.     Оқытудың барлық деңгейі: бакалавриат, магистратура, докторантура, техникалық және кәсіптік білім;

3.     оқытудың барлық түрлері: күндізгі, сырттай, күндіз, кешкі, қашықтықтан оқыту және т.б.;

4.     кредиттің ұзақ мерзімі;

5.     қарыз алу бойынша сыйлықақының оңтайлы ставкасы;

6.     студент  білім алып жатқан уақытта және оқу аяқталғаннан кейін 6 ай  мерзімде кредит сомасын өтеуді кейінге қалдыру;

7.     кепілсіз, кепілді қамтамасыз ету ерекше жағдайларда ғана;

8.     кредит сомасына шектеу жоқ, ең бастысы оқу сомасынан асып кетпесе болғаны;

9.     қарыз алушы кредит сомасын «қолына» алмайды. Кредит сомасы білім алушының қажеттілігіне қарай әр семестрде/ жылда оқу орнының есеп шотына аударылады;

10. кредит барлық колледждер мен жоо үшін Қазақстанның әрбір қаласында серіктес банктердің бөлімдерінде беріледі.  

 Білім беру кредитін алу үшін:

1-қадам – консультация алу үшін серіктес банкке немесе «Қаржы орталығы» АҚ-ға хабарласу;

2-қадам – өз қалаңыздағы әріптес банкке қажетті құжаттар топтамасын ұсыну;

3-қадам банк пен Қаржы орталығы оң шешім шығарған соң, қарыз туралы шартқа қол қойылып, оқу орнының шотына кредит сомасы аударылады.

Құжаттар:

қарыз алушыға:

  • жеке куәлік;

  • тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

  • талапкерлер үшін ҰБТ сертификаты (нотариалды куәландырылған көшірмесі) немесе студенттер үшін соңғы сессиясының транскрипті;

  • білім беру қызметтерін алуға арналған шарт немесе оқу кезеңіндегі құны көрсетілген төлем шоты;

  • егер қарыз алушының жасы 18-ге толмаса, қарыз алуға алуға ата-аналардың  (ресми қорғаншылардың) нотариалды куәландырылған келісімі, сондай-ақ Банк талап еткен жағдайда өзге де құжаттар.

қосалқы қарыз алушыға:

  • жеке куәлік;

  • тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

  • жұмыс орнынан табысы туралы анықтама;

  • соңғы 6 айдағы зейнетақы шотынан үзінді;

  • банк талап еткен жағдайда өзге де құжаттар сұратылуы мүмкін.

  Консультация:

«Қаржы орталығы»:

МекенжайыАстана қ.,Мәңгілікел даңғылы, 18
Тел/факс: 8 (7172) 695-044, 695-045, 695-037, 695 060, 8 800 080 28 28 (тегін)  

Сайт: www.fincenter.kz

Жастардың білім беру порталыwww.ya-student.kz 

E-mail: fincenter@fincenter.kz




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ