8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
2017 ж. ҰБТ нәтижелері

Жаңалықтар

Мектеп бітірушілердің қорытынды аттестаттауы басталды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2016-2017 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы» бұйрығына сәйкес 2017 жылдың 29 мамыр-9 маусым аралығында республиканың барлық мектептерінде Қорытынды аттестаттау өткізіледі.

Ағымдағы жылдың 29 мамырында емтиханның бірінші күні өткізілді. 11(12) сынып бітірушілері ана тілі және әдебиетінен (оқыту тіліне сәйкес) жазбаша емтихан тапсырды. Емтихан нысаны – эссе.

2 маусымда – таңдау пәні, сондай-ақ орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде білім беретін мектептерде қазақ тілі және қазақ тілінде білім беретін мектептерде орыс тілі пәндері бойынша емтихан. Емтихан нысаны – тестілеу;

­ 6 маусымда – алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан;

­ 9 маусымда – Қазақстан тарихы пәні бойынша ауызша нысанда өткізілетін соңғы емтихан. 




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ