8 800 080 71 77
info@testcenter.kz

2019 білім беру гранттарының нәтижелері

Жаңалықтар

Маусым-шілде айларында өткізілетін ҰБТ туралы

         Маусым-шілде айларындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) ағымдағы жылы жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген білім беру ұйымдарының ағымдағы және өткен жылғы бітірушілері, жоғары білімнің толық және қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері, халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ азаматтар үшін жүргізіледі. ҰБТ-ға өтініш қабылдау ағымдағы жылғы 1 сәуір мен 10 мамыр аралығында жүргізілді, ал халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ азаматтар үшін 5 маусымға дейін жалғасуда. Ағымдағы жылғы мектеп бітірушілерден ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдіргендер саны 96 380-ді құрайды, олардың ішінде 73 388-і қазақ тілінде, 22 824-і орыс тілінде, 168-і ағылшын тілінде. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына сәйкес ағымдағы жылғы ҰБТ 20 маусым мен 5 шілде аралығында 169 ҰБТ өткізу пункттерінде өткізіледі. Әрбір ҰБТ өткізу пункттерінде ҰБТ өткізу қағидаларының сақталуын бақылауды Нұр-Сұлтан қаласынан жіберілетін Министрлік өкілдері жүзеге асырады. Тестілеу өткізу кезінде бірыңғай талаптарды сақтау және түсушілердің даулы мәселелерін шешу мақсатында Республикалық апелляциялық комиссия және ҰБТ өткізу пунктерінде апелляциялық комиссиялар құрылады. Апелляцияға өтініштер ҰБТ нәтижелері хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін қабылданады және оны апелляциялық комиссия (республикалық апелляциялық комиссия) бір күнтізбелік күн ішінде қарастырады. Түсуші апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қарастырылмайды. ҰБТ нәтижелері тестілеу өткізілген күні беріледі, сонымен қатар Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында жарияланады.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ