8 800 080 71 77
info@testcenter.kz

2019 ж. тамыз ҰБТ нәтижесі

Жаңалықтар

Білім беру гранттарын тағайындау бойынша Республикалық конкурстық комиссия жұмысының қорытындысы бойынша білім беру бағдарламаларының топтары бойынша грант берілді.

2019-2020 оқу жылына арналған білім гранттарын тағайындау бойынша Республикалық конкурстың нәтижесі бойынша 3000 грант игерілген жоқ.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес көпбалалы отбасыдан және атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін отбасыдан шыққан балаларға қосымша 5 мың грант бөлінді.

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсының нәтижелері

Жоғары оқу орнына ақылы негізде оқуға қабылдау үшін 2019 жылғы 17 мен 20 тамыз аралығында Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізіледі.

2019 жылғы 9-16 шілде аралығында Қостанай және Петропавл қалаларында Орта білімдегі оқу жетістіктерін сырттай бағалауға (бұдан әрі – ОБ ОЖСБ) арналған тест тапсырмаларының бірінші сараптамасы өтті.
2019 жылғы 19 шілдеде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК басшылығы Қазақстандағы British Council өкілдерімен ынтымақтастық жөнінде кездесу өткізді. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 қаулысымен бекітілген «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларына сәйкес Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау ағымдағы жылғы 13 шілдеден басталды.

Республика бойынша магистратураға түсуші тұлғалардан өтініштерді қабылдау 3 шілдеден бастап жүргізіледі. 2019 жылдан бастап магистратураға оқуға қабылдау Кешенді тестілеу (бұдан әрі – КТ) қорытындысы бойынша жүргізіледі.

Ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы Дидар Смағұлов төтенше жағдай орын алған Арыс қаласында Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу барысында емтихан нәтижелерінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз еткені үшін, сондай-ақ 2019 жылғы 24 маусым күні Арыс қаласында орын алған жарылыс кезінде табандылық танытқан үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдерімен кездесіп Министрлік өкілдерін дипломдармен марапаттады.

Күнтізбе
<Пред
Мамыр 2019
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖК
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ