8 800 080 71 77
info@testcenter.kz

2019 білім беру гранттарының нәтижелері

Жаңалықтар

Ұлттық тестілеу орталығы ҚР БҒМ өкілдерін марапаттады

         Ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы Дидар Смағұлов төтенше жағдай орын алған Арыс қаласында Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу барысында емтихан нәтижелерінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз еткені үшін, сондай-ақ 2019 жылғы 24 маусым күні Арыс қаласында орын алған жарылыс кезінде табандылық танытқан үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдерімен кездесіп Министрлік өкілдерін дипломдармен марапаттады.

         Естеріңізге сала кетсек, 24 маусым күні Арыс қаласында Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілді. Осы ретте Білім және ғылым министрлігінің өкілдері аталмыш өңірге ҰБТ өткізуге жіберілген болатын. Жарылыс кезінде олар жергілікті тестілеу пунктінде жұмыс істеп, тестілеу пунктінде соңғы лектің аппеляциясын жүргізіп жатқан еді.

  
 




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ