8 800 080 71 77
info@testcenter.kz

2019 ж. (маусым-шілде) Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесі

Жаңалықтар

Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштер қабылдау басталды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы 2019 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуді (бұдан әрі – ҰБТ) ұйымдастыру және өткізу бойынша дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Ағымдағы жылы ҰБТ тапсыру форматы бұрынғыдай қалады. Сонымен қатар, оқуға түсушілерге көмек ретінде бірқатар жаңалықтар қарастырылған.

2019 жылдан бастап ҰБТ жылына 4 рет ақылы негізде (қаңтар; наурыз; маусым-шілде; тамыз) өткізіледі.

Бұл ретте білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін оқуға түсушілер маусым-шілде айларында өтетін ҰБТ-ны тапсыруы қажет.

2019 жылғы 24 - 29 наурыз аралығында өткізілетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер 2019 жылдың 1-15 ақпаны аралығында қабылданады. Осы тестілеуге орта мектептердің 11(12) сынып оқушылары қатыса алады.

Өтініштер ҰБТ өткізу пункттерінде (бұдан әрі – ҰБТӨП) қабылданады:

ҰБТ-ға қатысу үшін ҰБТӨП-ке мынадай құжаттарды тапсырады

  • жеке басын куәландыратын құжат бойынша толтырылған өтініш (ҰБТӨП-те беріледі);
  • 3 x 4 сантиметр көлеміндегі екі фотосурет;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

Бұл ретте жасы 16-ға толмаған және жеке басын куәландыратын құжаты жоқ адамдар туу туралы куәлігінің көшірмесін тапсырады.

  • тестілеуге қатысу үшін ақы төлегені туралы түбіртек;
  • өзі білім алатын орта білім беру ұйымының анықтамасы (2 дана).

Наурыз айындағы ҰБТ-ны сәтті тапсырған жағдайда 11(12) сынып оқушылары ЖОО-ға ақылы негізде түсе алады.

Сондай-ақ ағылшын тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттары бар тұлғаларды "Шет тілі" пәні бойынша ҰБТ-дан босату нормасы енгізіледі.

2019 жылдан бастап білім гранттары білім беру бағдарламаларының топтары бойынша берілетін болады. Білім беру бағдарламаларының тобына бірнеше білім беру бағдарламалары кіреді. Жоғары оқу орнына қабылдау кезінде оқуға түсушілер одан әрі оқу үшін нақты білім беру бағдарламасын таңдайды.

Бұл тестілеу ақылы түрде өткізіледі, бағасы – 2242 теңге.

Қазіргі уақытта Ұлттық тестілеу орталығының филиалдары жергілікті жерлерде наурыз айында өткізілетін ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

123.jpg

1234.jpg

12345.jpg




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ