8 800 080 71 77
info@testcenter.kz

2019 ж. (маусым-шілде) Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесі

Жаңалықтар

Ұлттық біліктілік тестілеу бойынша ақпарат

Ағымдағы жылдың 10 наурыздан - 2 мамыр аралығында Ұлттық біліктілік тестілеуге өтініштерді қабылдау жүргізілді.

Ұлттық біліктілік тестілеу - педагог қызметкерлері мен оған теңестірілген тұлғалардың кәсіби құзыреттілігінің деңгейін айқындауға бағытталған рәсім.

Жалпы республика бойынша - 87858 адам өтініш берді, оның ішінде;

  • Педагог-модераторға – 23768 адам,

  • Педагог-сарапшыға – 33327 адам,

  • Педагог-зерттеушіге – 28984 адам,

  • Шебер педагог – 1779 адам.

Тестілеу қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек және тәжік тілінде өткізіледі.

Ұлттық біліктілік тестілеу екі блоктан, жалпы 100 сұрақтан тұрады: «Қызмет бағыты бойынша» - 70 тапсырма, екінші блок «Педагогика және оқыту әдістемесі» - 30 тапсырмадан тұрады.

Тестілеудің жалпы уақыты - 3 сағат 20 минут (200 минут), ал «Математика», «Физика», «Химия», «Информатика» пәндері үшін – 3 сағат 50 минут (230 минут).

Тестілеудің нәтижесі әрбір блок үшін балл жинаған кезде, оң нәтиже ретінде қарастырылады:

«Қызмет бағыты бойынша»:

  • педагог-модератор - 50 %;

  • педагог сарапшы - 60 %;

  • педагог-зерттеуші - 70 %;

  • шебер педагог - 80 %.

«Педагогика және оқыту әдістемесі» бағыты бойынша:

  • педагог-модератор - 30 %;

  • педагог сарапшы - 30 %;

  • педагог-зерттеуші - 30 %;

  • шебер педагог - 30 %.

Тестілеудің өткізілу мерзімі – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2019 жылы педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудың бірінші кезеңі – Ұлттық біліктілік тестілеуді өткізу туралы» 2019 жылғы 16 мамырдағы №207 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 1-5 маусым аралығында қағаз форматында өткізіледі.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ