8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Ұлттық біліктілік тестілеуінің нәтижелері

Жаңалықтар

ҰБТ өткізу үшін Министрлік өкілдерін дайындау бойынша аймақтық оқыту семинарлар өткізілуде

2018 жылдың 23 сәуірінен бастап жоғары оқу орын базаларында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) өкілдері үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуді (бұдан әрі - ҰБТ) өткізу бойынша оқыту семинарлары өткізілуде.

Министрлік өкілдері ҰБТ өткізу пункттеріне ҰБТ технологиясының сақталуын қадағалау мақсатында жіберіледі. Министрлік өкілдері құрамына жоғары оқу орнының оқытушылары мен орта білім беру ұйымдары қызметшілері кіреді.

Ағымдағы жылдың 23-28 сәуір аралығында Ұлттық тестілеу орталығының қызметшілерінің қатысуымен Ақмола, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыс орталықтарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында оқыту семинарлары өткізілді.

Оқыту семинарында тестілеу өткізудің технологиясы және нормативтік-құқықтық базасы толық қарастырылды. Тестілеуді ұйымдастыру және өткізу барысындағы ең басты кезеңдерге көңіл аударылды: тестілеуге кіргізу, штаттан тыс жағдайлар, апелляцияның өткізілуі және т.б. ҰБТ өту барысында туындайтын мәселелерге аса ерекше көңіл бөлінді.

Семинар 2018 жылдың 5 мамырына дейін Қарағанды, Ақтөбе, Костанай және Батыс Қазақстан облыстарында жалғастырылады.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ