8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Тестіленушінің жеке кабинеті

Жаңалықтар

ҰБТ-ға өтініштер қабылдау басталды

10 наурызда республиканың жоғары оқу орындарына түсу нысанының бір түрі - Ұлттық бірыңғай тестілеуге (бұдан әрі - ҰБТ) қатысуға өтініштер қабылдау науқаны басталды.

ҰБТ-ға қатысатындар (ерікті түрде):

  • осы жылғы мектеп бітірушілер;

  • қазақ және орыс тілдерінде оқытпайтын жалпы білім беретін мектеп бітірушілері;

  • республикалық музыкалық мектеп – интернаттарының бітірушілері;

Түсушілер өтінішті білім алып жатқан білім беру мекемесінде береді.

Өтініш беруге қажетті құжаттар:

  • жеке басын куәландыратын құжат;

  • 2 фотосурет (3х4 өлшемді).

Өтініштер деректер базасына енгізілгеннен кейін түсушіге тіркелгендігі жөнінде анықтама және тестілеуге кіруге рұқсаттама беріледі.

ҰБТ келесі пәндер бойынша өткізіледі:

1)      Қазақстан тарихы – 20 тапсырма;

2)      Оқу сауаттылығы – 20 тапсырма;

3)      Математикалық сауаттылық – 20 тапсырма;

4)      1-бейіндік пән – 30 тапсырма;

5)      2-бейіндік пән – 30 тапсырма.

Жоғары балл саны – 140. Шекті деңгейден өту балы – 50.

Шығармашылық мамандықтарға түсушілер үшін ҰБТ екі пән - Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы бойынша өткізіледі.

ҰБТ-ға өтініш қабылдау 10 мамырға дейін жүргізіледі. 




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ