8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Тестіленушінің жеке кабинеті

Жаңалықтар

ҰБТ-ға өтініштер қабылдау аяқталды

Ұлттық бірыңғай тестілеуге (бұдан әрі – ҰБТ) өтініш қабылдау ағымдағы жылдың 10 наурыз бен 10 мамыр аралығында жүргізілді.

Ағымдағы жылы ҰБТ-ға қатысуға ниет білдірген түсушілер саны 102 442-ды құрайды, олардың ішінде 77 222 қазақ тілінде, 25 174 орыс тілінде, 46 ағылшын тілінде.

ҰБТ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидаларына сәйкес ағымдағы жылы 20 маусым мен 1 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) бекіткен 167 ҰБТ өткізу пунктерінде өткізіледі.

ҰБТ ағымдағы жылы жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін жүргізіледі.

Әрбір ҰБТ өткізу пункттерінде ҰБТ-ның өткізу қағидаларының сақталуын бақылауды Министрлік өкілдері жүзеге асырады.

Тестілеу өткізу кезінде бірыңғай талаптарды сақтау және түсушілердің даулы мәселелерін шешу мақсатында Министрлікте Республикалық апелляциялық комиссия және ҰБТ өткізу пунктерінде апелляциялық комиссия құрылады.

Апелляция өтініштері ҰБТ нәтижелері хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін қабылданады және оны апелляциялық комиссия (республикалық апелляциялық комиссия) күнтізбелік бір күн ішінде қарастырады. Түсуші апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қарастырылмайды.

ҰБТ нәтижелері тестілеу өткізілген күні беріледі, сонымен қатар Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында жарияланады.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ