8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
2018 ж. КТ (қаңтар) нәтижелері

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2006 жылдан бері жыл сайын дәстүрлі түрде «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған республикалық олимпиада ұйымдастырады.

Қазіргі таңда қазақша сөйлеуге үйретудің тиімді жолдарын табу өзекті мәселе болып отырғаны белгілі. Осы орайда 2011-2012 жылдары ҚАЗТЕСТ жүйесі әзірлеген қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытуға арналған оқу-әдістемелік кешен көмекке келеді. Кешеннің ауқымды бөлігі – бес деңгейден тұратын «Қазақ тілі» оқулығы мен қазақ тілін меңгерудің тақырыптық лексикалық минимумы.

2017 жылғы 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының (бұдан әрі - Орталық) кеңейтілген отырысы өтті.

Ағымдағы жылдың қараша айының 14-17 күндері педагог қызметкерлерге арналған біліктілік тестілеуі өткізілді. 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 10 қазандағы № 512 «2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жоғары білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу туралы» бұйрығына сәйкес жоғары білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау (бұдан әрі – ОЖСБ) 8-13 қарашада 46 жоғары оқу орындарының базасында өткізілді. 

Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі – Орталық) ағымдағы жылдың 22 және 24 қараша аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Астана қаласының әкімдігі қолдауымен «Атакент-Экспо» Халықаралық көрме компаниясының ұйымдастыруымен өтетін XV Қазақстандық Халықаралық «Білім және ғылым - 2017» көрмесіне қатысады.

2006 жылдан бері елімізде мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесі ҚАЗТЕСТ бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Мемлекеттік тілді оқыту барысында тест арқылы тілдік білімді бағалау тәсілі тілдік дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді, осы арқылы да ҚАЗТЕСТ құндылығын байқауға болады. 

Педагог қызметкерлердің біліктілік тестілеуі (әрі қарай - ПҚБТ) - мерзімінен бұрын аттестатталатын педагог қызметкерлердің кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтау үшін өткізілетін міндетті кезеңдердің бірі.

Ағымдағы жылғы 14-17 қарашада өткізілетін бірінші тестілеуге өтініштерді қабылдау 25 қазан - 6 қараша аралығында, қайта тестілеуге (13-15 желтоқсан) өтініштерді қабылдау 27-30 қараша аралығында жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 10 қазандағы № 512 «2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жоғары білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу туралы» бұйрығына сәйкес, оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) 2017 жылғы қараша айының 8-13 аралығында 46 ЖОО-ның базасында өткізіледі.

Күнтізбе
<Пред
Қазан 2017
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖК
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ