8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
2017 ж. ПҚБТ нәтижелері

Жаңалықтар

«Білім және ғылым - 2017» атты XV Қазақстандық халықаралық көрме

Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі – Орталық) ағымдағы жылдың 22 және 24 қараша аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Астана қаласының әкімдігі қолдауымен «Атакент-Экспо» Халықаралық көрме компаниясының ұйымдастыруымен өтетін XV Қазақстандық Халықаралық «Білім және ғылым - 2017» көрмесіне қатысады.

Биылғы жылы әлемнің 10 елінен (Қазақстан, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Азербайджан, Болгария, Греция, Кырғыз Республикасы, Польша, Румыния, Чехия) келетін 100-ден астам білім беру мекемелерінің өкілдері көрме қонақтарын өз елдерінің білім беру жүйелерімен таныстырады және Қазақстанда, шетелде білім алудың ең үздік бағдарламасын таңдауға көмектеседі.

Орталық аталған 3 күн ішінде мектеп, лицей, колледж түлектері үшін жаңа форматтағы ҰБТ/КТ бағдарламасымен тегін байқау сынағын өткізеді. Сонымен қатар, магистратура мен докторантураға түсуге арналған және жоғары білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау оқу-әдістемелік құралдарымен таныстырады.

Орталық ұсынатын жобалардың бірі – Қазақстан Республикасындағы азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ өз  таныстырымын көрсетеді. Көрмеде байқау тестілеуін өткізу жоспарланып отыр. Көрмеге қатысушылар, оның ішінде шетел қонақтарды қызықтыратын, ақысыз қазақ тілі меңгеру деңгейін анықтауға арналған байқау сынағы өткізіледі. Сонымен қатар, сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша тиісті балл көрсетілген анықтама беріледі. Тест қазақ тілін тыңдап түсінгенін, оқып түсінгенін және лексика-грамматикалық білімін бағалайтын 150 тапсырмадан тұрады. Мысалы, «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлер анықтамада көрсетілген деңгейі бойынша Орталыққа келіп, сертификаттық тестілеуге қатыса алады. Лек бойынша тестілеумен салыстырғанда, бірнеше жылға жарамды мемлекеттік үлгідегі сертификат қолына алған тиімдірек.  

Сонымен қатар, ҚАЗТЕСТ форматының өзгеруі, қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту үдерісінде ҚАЗТЕСТ жүйесін қолдану аясында кеңес беру, емтиханға дайындық жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ