8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
2017 ж. КТ-қайта тапсырушылар нәтижелері

Жаңалықтар

ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту жөніндегі басқарма екі бағытта жұмыс жасайды: тест тапсырмаларын қалыптастыру және мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау мақсатында тестілеу өткізу.

Ағымдағы жылдың 18-22 қыркүйек аралығында Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған пәндер бойынша тест тапсырмаларының апробациясы өткізілуде. 
2018 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу, Білім алушыларды қорытынды аттестаттау және Орта білім берудегі оқу жетістігін сырттай бағалау шаралары бойынша дайындық жұмыстары басталып кетті. 

Қайта кешенді тестілеу республика бойынша 21-24 шілде аралығында 43 жоғары оқу орындарында орналасқан пунктерде өткізілді. 


Республикалық конкурстық комиссияның шешіміменбілім беру гранттарыҰлттық бірыңғай және кешенді тестілеулер нәтижесі бойынша тағайындалды. 

2017 жылғы 11-15 тамыз аралығында 108 жоғары оқу орындары мен 13 ғылыми ұйымдардың үміткерлерінің қатысуымен Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес магистратура, резидентура, докторантураға шет тілдерінен түсу емтиханы және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға кешенді тестілеу өткізілді.

Жаңа оқу жылында Түркия Республикасы Қазақстандық студенттерге 500 оқу грантын бөледі. Бұл гранттар Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде тегін білім алуға мүмкіндік береді. Түркия грантын жеңіп алған талапкерлер 1 жыл бойы Дайындық, тіл үйрету орталығында  Foundation бағдарламасы бойынша тегін оқытылады. Бағдарламаны меңгеріп, қорытынды емтиханды сәтті тапсырған білім алушылар 1-курсқа Түркия Республикасының гранты негізінде қабылданады.

2017 жылғы 4 тамызда білім гранттарын тағайындау жөніндегі Республикалық конкурстық комиссия өз жұмысын бастады.

Комиссияның құрамына мемлекеттік органдардың, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері және жоғары оқу орындарының ректорлары енгізілген.

Ағымдағы жылы тамыз айының 19-24 аралығында жоғары оқу орындарына ақылы түрде оқу үшін қайта тестілеу өткізіледі.

Қайта тестілеу  тапсыруға өтініштерді қабылдау 1-8 тамыз аралығында жоғарғы оқу орындарының қабылдау комиссияларымен жүзеге асырылады.

Күнтізбе
<Пред
Мамыр 2017
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖК
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ