8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz

Жаңалықтар

ҚАЗТЕСТ қарқынды жұмыс жасауда

ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту жөніндегі басқарма екі бағытта жұмыс жасайды: тест тапсырмаларын қалыптастыру және мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау мақсатында тестілеу өткізу.

Тест тапсырмаларының қоры жыл сайын толықтырылып отырады. Осы ретте ағымдағы жылдың І жартыжылдығында тапсырмалар қоры жаңа 8000 тапсырмамен толықтырылса, 11-15 қыркүйек аралығында                                                    ІІ жартыжылдықтың тапсырмасы жинақталды. Сараптамалық комиссия 18 қыркүйектен бастап әзірленген тапсырмалардың нормативтік құжаттарға (Ұлттық стандарттар, Тест спецификациясы, лексикалық минимум) сәйкестігін тексеру мақсатында өз жұмысын бастады. 

Сонымен қатар жылдық жоспар бойынша тапсырмалардың байқау сынақтары мен мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ республика өңірлерінде мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардың қызметкерлері арасында тестілеу өткізілуде. Өткен аптада Павлодар облысында тестілеу өткізіліп, жалпы саны 1680 адам қатысты: 1646-сы диагностикалық тест тапсырса, 34-і сертификаттық тестілеуден өтті. ҚАЗТЕСТ сертификаты азаматтардың мемлекеттік тілді белгілі бір деңгейде меңгергенін растайды және жұмысқа орналасу, аттестаттаудан өту кезінде үстемдік береді.

Әдістемелік жұмыстар да назардан тыс қалған жоқ: қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытуға арналған оқулықтардың В1, В2 деңгейлерінің мазмұнын жаңалау жұмыстары жүргізілуде. Кез келген басылым бойынша қолданушылармен кері байланыс жасау, қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу сапалы әрі тиімді оқу-әдістемелік құралдың жарыққа шығуының алғышарты болып табылады. 




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ