8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
2017 ж. КТ нәтижелері

Жаңалықтар

Алматы қаласы ҚАЗТЕСТ эстафетасын аяқтады

podrobno.jpeg

Осы жылғы мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау тестілеуі бойынша эстафетаны Алматы қаласы аяқтады. Оңтүстік аймақта орналасқандығына қарамастан қалада мемлекеттік тілді жаппай қолдану – өзекті мәселелердің бірі. Өзін элита санайтын мәдени астананың байырғы халқы қазақ тілінде сөйлейтін азаматтарды ауылдан келгендер деп ұқсатып, менсінбей қараған. Сондықтан Алматының мемлекеттік қызметшілері мен азаматтық қызметкерлерін отансүйгіштікке шақыру, мемлекеттік тілді үйренуге ынталандыру, яғни, диалек қоспай қазақ тілінің көркемдігін көрсету қиындық тудырады. Осындай кедергілерге қарамастан мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау тестілеуінің өткізілуінің өзі – қуантатын жағдай, алайда, азаматтардың санасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін қалыптастыруы ауқымды жұмыстар жүргізуді талап ететіні айдан анық. Қазіргі таңда болашағын ойламайтын адам ғана кезінде қазақ мектептері болмағандығы туралы әңгімелерді көбейтіп, немесе тегін қазақ тілін оқыту курстарының өткізілмейтіндігін меңзеп әрекетсіз отырады. Осындай топтың көпшілігі мемлекеттік тіл – ел тәуелсіздігінің тірегі екенін бұрыннан түсінетін өзге тілді азаматтар емес, өкінішке орай орыс тілді қазақтар екенін айтып өтуі қажет.

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мақсаттық индикатор ретінде көрсетілген ҚАЗТЕСТ тестілеуі республикамыздағы қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау тестілеуін өткізуге негіз болып табылады. Жыл сайын желтоқсан айында құрылатын жылдық кестеге сәйкес Алматы қаласы ағымдағы жылдың соңына жоспарланған. Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасынының өтінімі бойынша келесі мекемелер тестілеуден өтті:

Қаржы саласы:

Халыққа қызмет көрсету саласы:

Ауылшаруашылығы саласы:

БАҚ саласы:

Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті – 1 413 адам

Алматы қаласы бойынша «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы»- 231 адам

Су ресурстары комитетінің «Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш - Алакөл бассейндік инспекциясы» РММ- 18 адам

«Қазтелерадио» АҚ - 334 адам

Мемлекеттік кірістер комитетінің Орталық кеден зертханасы - 14 адам

Алматы қаласы бойынша Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті - 318 адам

Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы - 59 адам

Мемлекеттік кірістер комитетінің Кинология орталығы - 13 адам

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті - 19 адам

Алматы қаласы Қаржылық мониторингі департаменті - 6 адам

Алматы қаласы бойынша «Агрохимиялық, топырақ зерттеу және кешенді іздестіру жұмысы» департаменті - 89 адам

Қазынашылық комитетінің Алматы қаласы бойынша қазынашылық департементі - 97 адам

1543

657

77

334

Жалпы Алматы қаласы бойынша диагностикалық тестілеуден 2 611 адам өтті.                          Бұл – ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеудің бірінші кезеңі. Мемлекеттік тілді біліктілік талаптарына сәйкес белгілі бір деңгейде меңгеру талаптарын анықтайтын ҚР СТ 1926-2015, ҚР СТ 1928-2015, ҚР СТ 1929-2015, ҚР СТ 1925-2015, ҚР СТ 1927-2015 Қазақстан Республикасы Ұлттық стандарттардың бекітілуіне байланысты ҚАЗТЕСТ-ң екінші кезеңі Алматы қаласында 2017 жылдан басталады. Жалпы ақпарат ретінде, ҚАЗТЕСТ тестілеуі республика бойынша 10 жылдан бері өткізіліп келеді және екінші кезеңі – сертификаттық тестілеуі 2013 жылы басталғандығын атап өтуі керек.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ