8 800 080 71 77
info@testcenter.kz

2019 білім беру гранттарының нәтижелері

Жаңалықтар

2019 жылы өткізілген ОБ ОЖСБ қорытындысы туралы ақпарат

2019 жылғы орта білімдегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау (бұдан әрі – ОБ ОЖСБ) 17 – 25 сәуір аралығында орта білім беру ұйымдарының 4, 9 және 11 сыныптарында өткізілді. Барлығы 785 мектеп, 122 252 оқушы қатысты.

4-сыныптағы ОБ ОЖСБ кешенді тестілеу түрінде сұрақ-кітапша мен жауап парағының көмегімен өткізілді. Тестілеу 2 пән бойынша өткізілді: математика және оқу тілі (қазақ/орыс тілі).

Қатысқандар саны: 62 691 оқушы, оның ішінде қазақ тілінде – 40 574, орыс тілінде – 22 117.

Республика бойынша орташа балл (мүмкін болған 30 балдан): 19,78 балл, оның ішінде қазақ тілінде – 19,56, орыс тілінде – 20,17.

9- сыныптағы ОБ ОЖСБ кешенді тестілеу түрінде сұрақ-кітапша мен жауап парағының көмегімен, сонымен қатар компьютерлерді қолдану арқылы онлайн тәртіпте өткізілді. Тестілеу 2 пән бойынша өткізілді: қазақ тілі                         – міндетті пән, екінші пән – жалпы білім беретін пәндердің бірі.

Қатысқандар саны: 46 032 оқушы, оның ішінде қазақ тілінде – 29 658, орыс тілінде – 14 827, тәжік тілінде – 131, өзбек тілінде – 1321, ұйғыр тілінде – 95.

Республика бойынша орташа балл (мүмкін болған 75 балдан): 40,08 балл, оның ішінде қазақ тілінде – 39,16, орыс тілінде – 42,15, тәжік тілінде – 24,22, өзбек тілінде – 37,40, ұйғыр тілінде – 62,63.

11-сыныптағы ОБ ОЖСБ кешенді тестілеу түрінде сұрақ-кітапша мен жауап парағының көмегімен, сонымен қатар компьютерлерді қолдану арқылы онлайн тәртіпте өткізілді. Тестілеу 3 пән бойынша өткізілді: Қазақстан тарихы, қазақ тілі, физика (қазақ/орыс тілінде оқытатын мектептер), алгебра және анализ бастамалары (ұлттық мектептер).

Қатысқан оқушы саны: 13 529 оқушы, оның ішінде қазақ тілінде – 8 882, орыс тілінде – 3 765, тәжік тілінде – 124, өзбек тілінде – 738, ұйғыр тілінде - 20.

Республика бойынша орташа балл (мүмкін болған 100 балдан): 57,30 балл, оның ішінде қазақ тілінде – 58,10, орыс тілінде – 56,34, тәжік тілінде                      – 41,94, өзбек тілінде – 54,48, ұйғыр тілінде – 81,35.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ