8 800 080 71 77
info@testcenter.kz

ҰБТ-ҒА АЛДЫН-АЛА ӨТІНІШ БЕРУ

Жаңалықтар

2019 жылдың маусым-шілде айларында өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеу туралы ақпарат

Қазіргі таңда 2019 жылғы маусым-шілде айларындағы Ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі – ҰБТ) 7-ші күні өткізілуде. Ағымдағы жылы ҰБТ-ға қатысуға 117 254 адам өтініш берді, оның 96 390-ы ағымдағы жылғы мектеп бітірушілері, ал қалған 20 862-і өткен жылғы мектеп бітірушілері, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері.

20-25 маусым аралығында өткен ҰБТ-ға өтініш берген 78 540 тестіленушілердің 75 210-ы (96%) қатысты, оның 60 207-і қазақ тілінде, 14 916-ы орыс тілінде, 87-і ағылшын тілінде.

Бүгінгі таңда ҰБТ-да ең жоғарғы балды Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жаскешу ауылы №37 Б. Майлин атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы, «Алтын ұрпақ», «Кемел Биолог-2019» олимпиадаларының жүлдегері, «Алтын белгі» иегері Жұбай Қасымхан Адилжанұлы алды. Оның көрсеткіші – 140 балл.

Осы аралықта тәртіп бұзғаны үшін 7 адам аудиторияларынан шығарылып, олардың тест нәтижелері жойылды.

Апелляцияға өтініштер ҰБТ нәтижелері хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін қабылдануда және оны апелляциялық комиссия (республикалық апелляциялық комиссия) бір күнтізбелік күн ішінде қарастырады.

ҰБТ нәтижелері тестілеу өткізілген күні беріледі, сонымен қатар Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында жариялануда.

ҰБТ-ға байланысты сұрақтар бойынша 8 (800) 080 71 77 сенім телефоны жұмыс жасауда.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ