8 800 080 71 77
info@testcenter.kz

2019 ж. (маусым-шілде) Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесі

Жаңалықтар

2019 жылғы жоғары білім беру ұйымдарында оқу жетістіктеріне сырттай бағалау байқау тестілеуінің нәтижелері

Жоғары білім берудегі оқу жетістіктеріне сырттай бағалау (ОЖСБ) тест тапсырмаларын апробациядан өткізу және студенттерді ОЖСБ-ға дайындау мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК-ның 2019 жылғы 15 наурыздағы №88-НҚ бұйрығына сәйкес ағымдағы жылғы 27-28 сәуірде 31 жоғары оқу орнының (бұдан әрі - ЖОО) базасында ОЖСБ байқау тестілеуі өткізілді.

ОЖСБ байқау тестілеуіне өтініш берген 79 ЖОО-ның 22824 студенті қатысты, оның ішінде 16134 қазақ бөлімінің, 6690 орыс бөлімінің студенттері.

Байқау тестілеуі төмендегі пәндер бойынша жүргізілді:

  • Қазақстанның қазіргі заман тарихы;

  • Философия;

  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (таңдау бойынша қазақ, орыс, ағылшын тілінде)

  • Шет тілі (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз тілі).

ОЖСБ байқау тестілеуінің нәтижесі бойынша Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пәнін 10506 студент қазақ тілінде, 5408 студент орыс тілінде, 6910 студент ағылшын тілінде тапсырған.

Шет тілі ретінде: 22554 студент ағылшын тілін, 228 студент неміс тілін, 42 студент француз тілін таңдаған.

Республика бойынша орташа көрсеткіші мүмкін болған 200 балдан 66,35 балды құрады, оның ішінде қазақ бөлімінің орташа балы – 64,90, орыс бөлімінде – 66,96.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ