8 800 080 71 77
info@testcenter.kz

2019 білім беру гранттарының нәтижелері

Жаңалықтар

2019 жылғы қыркүйек айында жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне оқуға түсушілер үшін Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы туралы

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар мен шетел азаматтары үшін ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының сайтында жүргізілді.

2019-2020 оқу жылына жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне (бұдан әрі – ЖОО) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша түсу үшін 2019 жылғы 13 қыркүйекте республика бойынша 18 базалық жоғары оқу орындарында ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) өткізілді.

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар мен шетел азаматтары жалпы білім дайындығы деңгейін арттыру үшін тестілеуге – 1238 адам, Қазақстан Республикасы азаматтарытілдік дайындығын күшейту үшін тестілеуге– 325 адам қатысты. Тестілеуге барлығы 1563 адам қатысты.

Тестілеу технологиясының сақталуын бақылау үшін өңірлерге Ұлттық тестілеу орталығы филиалдарының 34 қызметшілері жіберілді, жергілікті жерлерде апелляциялық комиссиялар құрылды, медициналық көмек көрсету пункттері ұйымдастырылды және тестілеу барысында қауіпсіздік қамтамасыз етілді. Барлық аудиториялар бейнебақылау камераларымен жәнеұялы байланыс сигналдарын тұншықтырғыш құралдармен жабдықталды.

Тестілеу кезінде ҰБТ өткізу ережелерін бұзғаны және тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін 1 адам тестілеуден шығарылды.

ЖалпыҰБТ штатты режимде, технологияға сай өткізілді.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ