8 800 080 71 77
info@testcenter.kz

2019 білім беру гранттарының нәтижелері

Жаңалықтар

2019 жылғы тамыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы туралы

2019 жылғы 17-20 тамызда Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) жоғары оқу орнына (бұдан әрі – ЖОО) ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілері, орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері, халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ тұлғалары, шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалары арасында республика бойынша 25 базалық ЖОО-да өткізілді.

Тестілеуге 15146 адам қатысты, ол өтініш берушілердің 90,1%-ын құрады. Оның ішінде 10562-і (70%) қазақ тілінде, 4577-і (30%) орыс тілінде және 7-і ағылшын тілінде тапсырды.

Аймақтарға тестілеу технологиясын бақылау үшін 205 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өкілдері жіберілді, мемлекеттік және апелляциялық комиссиялар құрылды, медициналық көмек көрсету орындары ұйымдастырылды және тестілеу барысында қауіпсіздік қамтамасыз етілді.

ҰБТ-ның өткізу ережесін бұзғаны және тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін тестілеуден 396адам шығарылды. Тестілеуге кіргізу барысында 20292 тыйым салынған заттар, соның ішінде 17399 электрондық құрылғы (ұялы смартфон, роутер, модем және т.б), 2401 қағаз жүзінде (шпаргалка, оқулықтар және т.б) және 270 калькулятор тәркіленді.

Шектік деңгейден өткендер саны – 6516 (43%).

Тестіленушілердің ішінде 15 мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін мемлекеттік комиссия шешімімен жеке аудиториялар және арнайы көмекшілер бөлінді.

ҰБТ-ға қатысушылардың ішінен 2635 адам «Математика-Физика» бейіндік пәндер комбинациясын, 1456 адам «Химия-Биология» комбинациясын таңдады.

ҰБТ өткізу барысындағы барлық іс-шаралар штаттық тәртіпте өтті.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ