8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Ұлттық біліктілік тестілеуінің нәтижелері

Жаңалықтар

2018 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу

Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің (бұдан әрі – Министрлік) 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидаларына сәйкес ағымдағы жылы 20 маусым мен 1 шілде аралығында өткізіледі.

ҰБТ ағымдағы жылғы мектеп бітірушілері және республикалық музыкалық мектеп-интернаттарының бітірушілері үшін өткізіледі.

Тестілеу Министрліктің бұйрығымен бекітілген 167 ҰБТ өткізу пункттерінде (бұдан әрі – ҰБТӨП) өткізіледі.

Тестілеу келесі 5 пән бойынша жүргізіледі:

  • Қазақстан тарихы – 20 тапсырма;

  • Оқу сауаттылығы – 20 тапсырма;

  • Математикалық сауаттылық – 20 тапсырма;

  • 1-бейіндік пән – 30 тапсырма;

  • 2-бейіндік пән – 30 тапсырма.

Максималды балл саны: 140. 

Шекті деңгей балы: 50. 

Тестілеуге берілген уақыт: 3 сағат 50 минут.

Бейіндік пәндер таңдайтын мамандыққа байланысты анықталады.

Түсушілер келесі күні дәлелді негіздемесін көрсете отырып, сағат 13:00-ге дейін әрбір пунктте құрылған апелляциялық комиссияға өтініш беруге құқықтары болады. Апелляцияға өтініштер тест тапсырмаларының мазмұны бойынша да, техникалық себептер бойынша да қабылданады.

Сонымен қатар, шекті балды алмаған және ҰБТ-ға қатыса алмаған түсушілердің ағымдағы жылы ақылы негізде оқуға түсу үшін ҰБТ-ны қайта тапсыруы қарастырылған. Қайта ҰБТ ағымдағы жылы тамыз айында өткізіледі.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ