8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Кешенді тестілеуінің нәтижелері

Жаңалықтар

2018 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы туралы

Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) еліміздің 167 ҰБТ өткізу пункттерінде (бұдан әрі - ҰБТӨП) ағымдағы жылдың 20-27 маусымы аралығында өткізілді. ҰБТ-ға қатысуға 102 447 мектеп түлегі, олардың 77224 (75%) қазақ тілінде 25 177 (25%) орыс тілінде және 46 ағылшын тілінде тапсыруға өтініш берген. Факт бойынша 98 698 адам тестілеуге қатысты, ол өтініш берушілердің 96,3% құрады. Оның ішінде 76 131 (77%) қазақ тілінде, 22 539 (23%) орыс тілінде және 28 ағылшын тілінде тапсырды.

Ағымдағы жылы барлық пункттерде онлайн-көрсетілім іске қосылды. Бұл қызмет барлық адамдарға Қазақстанның кез келген нүктесінде өтіп жатқан тестілеу барысын онлайн қадағалауға мүмкіндік берді.

Тестілеудің шарттарын жақсарту үшін ағымдағы жылы ішінара жаңалықтар енгізілді:

  • әрбір түлекке ҰБТ сертификатымен бірге мамандықтар тізбесі, гранттар саны, сондай-ақ бейіндік пәндер комбинациясы бойынша өткен жылғы конкурс нәтижелері көрсетілген ақпарат парағы берілді;

  • ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдіріп, бірақ дәлелді себептерге байланысты қатыса алмаса (бұл жерде міндетті түрде растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда) КТ-ға қатысуға рұқсат беріледі;

  • көру функциясы бұзылған мүгедек балалар үшін ымдау тілі маманы берілді;

  • бірыңғай көпсалалы Call-орталығы іске қосылды (Қазақстан бойынша 8-800-080-71-77 қоңырау тегін).

ҰБТ-ның өткізу ережесі мен тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін тестілеуден 9 адам шығарылды. Тестілеу барысында 82 862 тыйым салынған заттар, соның ішінде 54 093 электрондық құрылғы (ұялы смартфон, роутер, модем және т.б) және 28 769 қағаз жүзінде (шпаргалка, оқулықтар және т.б) алынды.

Қазақстан бойынша бес пәннен ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл 83,1 (мүмкін болған 140 баллдан). Былтырғы жылғы көрсеткіш (мүмкін болған 140 баллдан)  80,5 болды. Шектік деңгейден өткендер саны – 84 065 (85,2%).  Шектік деңгейден өте алмағандар саны  - 14 633 адам (14,8%). 

Тестіленушілердің ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар саны - 51. Олар үшін мемлекеттік комиссия шешімімен жеке аудиториялар және арнайы көмекшілер бөлінді.

Ең жоғары 140 балл жинаған Алматы қаласындағы №123 мектеп-гимназиясының бітірушісі Құдайбергенова Шиара Әбдірахымқызы.

ҰБТ-ға қатысушылардың жалпы санынан ең көбі «Математика-Физика» комбинациясын – 26 359 (26,7%) адам таңдады. Ал ең аз таңдалған «Химия-Физика» комбинациясын - 393 (0,4%) адам таңдады.

2018 жылы ҰБТ өткізу барысындағы барлық іс-шара штаттық тәртіпте өтті.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ