8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
2017 ж. КТ нәтижелері

Жаңалықтар

2017 жылғы ОБ ОЖСБ қорытындысы туралы

2017 жылғы орта білімдегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау (одан әрі – ОБ ОЖСБ) 18 – 29 сәуір аралығында орта білім беру ұйымдарының 4, 9 және 11 сыныптарында өткізілді.

ОБ ОЖСБ-ның өткізілуін Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің жергілікті Білім саласындағы бақылау департаменті қызметкерлері мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері бақылады.  

ОБ ОЖСБ-ға барлығы 702 мектеп, 101132 оқушы қатысты.

4-сыныптардағы ОБ ОЖСБ кешенді тестілеу түрінде арнайы бланкілер мен жауап парақтарының көмегімен өткізілді.

4-сынып оқушылары ОБ ОЖСБ-ны 2 пәннен: математика және әдебиеттік оқу пәндерінен тапсырды. Әр пән 15 тест тапсырмасынан тұрды, жалпы саны – 30. Максималды балл саны – 30.

Тестілеуге жалпы 70 минут (1 сағат 10 минут) уақыт берілді.

4-сыныптардағы ОБ ОЖСБ-ға республика бойынша 52702 оқушы тестілеуден өтті, оның ішінде қазақ тілінде – 37645 оқушы, орыс тілінде – 15057 оқушы.  

Республика бойынша 4-сыныптардың орташа балы – 19,75, оның ішінде қазақ тілінде - 19,43 балл, орыс тілінде - 20,56 балл.

9-сыныптардағы ОБ ОЖСБ кешенді тестілеу түрінде арнайы бланкілер мен жауап парақтарының көмегімен, сонымен қатар компьютерлерді қолдану арқылы онлайн тәртіпте өткізілді.

9-сынып оқушылары ОБ ОЖСБ-ны 2 пәннен тапсырды: қазақ тілі – міндетті пән, екінші пән – жалпы білім беретін пәндердің бірі.

Тестілеуге жалпы 130 минут (2 сағат 10 минут) берілді.

Қазақ тілі пәні 20 тест тапсырмасынан тұрды. Максималды балл саны – 20 балл.

Екінші пән 40 тест тапсырмасынан тұрды, оның 25-і бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы, ал қалған 15 тест тапсырмасы бір немесе бірнеше дұрыс жауаптан тұрды. Бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмасын дұрыс орындағаны үшін 1 балл берілді, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларының барлық жауабы дұрыс таңдалса - екі балл, егер қате жіберілсе (бір дұрыс жауап табылмаса немесе қате жауап таңдалса) - бір балл, ал екі немесе одан көп кеткен қателерге 0 балл берілді. Екінші пән бойынша максималды балл – 55.

  Республика бойынша 9-сыныптардағы ОБ ОЖСБ-ға 37405 оқушы қатысты, оның ішінде қазақ тілінде – 27043 оқушы, орыс тілінде – 10362 оқушы.

Республика бойынша орташа балл мүмкін болған 75 балдан – 39,43 балды құрады, оның ішінде қазақ тілінде – 39,07 балл, орыс тілінде – 40,36 балл.

11-сыныптардағы ОБ ОЖСБ кешенді тестілеу түрінде арнайы бланкілер мен жауап парақтарының көмегімен, сонымен қатар компьютерлерді қолдану арқылы онлайн тәртіпте өткізілді.

11-сынып оқушылары ОБ ОЖСБ-ны 3 пәннен: Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығы пәндерінен тапсырды. Әр пән 20 тест тапсырмасынан тұрды, жалпы саны – 60. Максималды балл саны – 60.

Тестілеуге жалпы 110 минут (1 сағат 50 минут) уақыт берілді.

Республика бойынша 11025 11-сынып оқушылары тестілеуден өтті, оның ішінде қазақ тілінде – 8099 оқушы, орыс тілінде – 2926 оқушы. 

Республика бойынша 11-сыныптардың орташа балы – 45,98, оның ішінде қазақ тілінде – 46,70 балл, орыс тілінде – 43,98 балл.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ