8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
2017 ж. КТ нәтижелері

Жаңалықтар

2017 жылғы кешенді тестілеуге өтініштер қабылдау

Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдау ағымдағы жылғы 1-20 маусым аралығында ЖОО-лардың қабылдау комиссияларында жүргізіледі.

Кешенді тестілеу өткен жылдардағы жалпы орта (орта жалпы) білім беру ұйымдарының бітірушілері, техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері, халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектеп бітірушілері, сондай-ақ оқу орындарын шетелде бітірген адамдар үшін  өткізіледі.

Кешенді тестілеу түсушілердің қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі) және екі бейіндік пән бойынша өткізіледі.

Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін кешенді тестілеуді олардың қалауымен қазақ немесе орыс тілінде жалпы бейіндік және бейіндік пәндер бойынша өткізіледі.

Тестілеуге қатысуға өтініш беру үшін жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына төмендегідей құжаттарды ұсыну қажет:

1. Бекітілген нысандағы бланктегі өтініш;

2. Жалпы орта (жалпы орта), техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) немесе жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);

3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күнтізбелік жылғы бітірушілері білім туралы құжаттың орнына білім алған мамандығының коды мен атауын көрсете отырып, өзі оқыған білім беру ұйымы беретін, ағымдағы жылы оқуды аяқтағандығы туралы анықтама ұсынады

4. Тестілеуді өткізу үшін төленгені туралы түбіртек;

5. 3x4 көлеміндегі 2 фотосурет;

6. 086-У нысанындағы медициналық анықтама;

7. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Кешенді тестіленуіне қатысу үшін төлем 2242 теңгені (қосымша құн салығын қоса есептегенде) құрайды және төлемді талапкерлер Қазпошта немесе ҚР Халық банкінің бөлімшелері арқылы төлей алады.

Ұлттық тестілеу орталығының реквизиттері:

ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК

010011 Астана қ., Жеңіс даңғылы,60

РНН 600300086081

БИН 000140001853

ИИК KZ536010111000001515

БИК  HSBKKZKX    КБЕ 16

«Қазақстан Халық Банкі».




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ