8 800 080 71 77
info@testcenter.kz

2019 білім беру гранттарының нәтижелері

Жаңалықтар

11(12) сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттаудың емтихан материалдарын көбейту, буып - түю және жеткізу

Білім алушыларды қорытынды аттестаттау – тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарында көзделген оқу пәндерінің көлемін, олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.

Өткізу мерзімі: 2019 жылғы 28 мамыр – 9 маусым аралығында.

2019 жылғы қорытынды аттестаттауға 5 265 мектеп, 134 088 оқушы қатысады.

Қорытынды аттестаттау бітірушілер оқитын мектеп базасында өткізіледі.

11 (12) сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау келесі негізде жүргізіледі:

  • Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы»;

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (2018 жылғы 25 қыркүйектегі №494 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) бұйрығы.

Қазіргі уақытта емтихан материалдары басылып, буып-түйіліп, 17 білім басқармасы мен республикалық білім беру ұйымдарына жеткізілді.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ