8 800 080 71 77
info@testcenter.kz

ҰБТ-ҒА АЛДЫН-АЛА ӨТІНІШ БЕРУ

Жаңалықтар

«ҚАЗТЕСТ жүйесінің жаңа форматы: даму перспективалары» тақырыбында қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың отандық жүйесі – ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының әзірлеушілері мен сарапшыларына арналған біліктілікті арттыру курсының қорытындысы бойынша

        2019 жылғы 12-13 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында «Hilton Astana» қонақүйінде ««ҚАЗТЕСТ жүйесінің жаңа форматы: даму перспективалары» тақырыбында ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының әзірлеушілері мен сарапшыларына арналған біліктілікті арттыру курсы өткізілді.

        Курсқа Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының өкілдері, Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы «Қырғызтест» мемлекеттік мекемесінің директоры Б.Б.Топоева-Ставинская және еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының тілші-ғалымдары, өңірлердегі тілді оқыту орталықтарының басшылары, әдіскерлері, Қазтест тапсырмаларын сарапшылары мен әзірлеушілері қатысты.

         Іс-шараның ашылуында ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Басқарма басшысы Ж.К. Мүсірова сөз сөйледі.

         «ҚАЗТЕСТ жүйесінің жаңа форматы: даму перспективалары» тақырыбында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы директорының м.а. Д.Н. Смағұловтың баяндамаcы тыңдалды.

          Сонымен қатар ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің басқарма басшысы Амангелді Мұратұлы Қожабек ҚР тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы жөнінде баяндап, ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша атқарылған жұмыстарға оң баға берді.

      Іс-шара барысында Назарбаев университетінің профессоры, ф.ғ.д.  З. Күзекова, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, ф.ғ.д. А.Салқынбай, ф.ғ.к. Н.Ж. Егізбаева, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкерлері, ф.ғ.д. Б.Қ. Момынова, О.Жұбаева, С. Демирел университетінің профессоры, ф.ғ.д. М. Жолшаева баяндама жасап, бүгінгі Қазтест жүйесінің тілдік білімді бағалаудағы рөлі, Қазтест-тің жаңа форматтағы тапсырмалар жүйесінің ерекшеліктері жөнінде сөз қозғап, өз тәжірибелерімен бөлісті.

       Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы «Қырғызтест» мемлекеттік мекемесінің басшысы Б.Б.Топоева-Ставинская өздерінің тест тапсырмаларын әзірлеудегі тәжірибелерін ортаға салды.

        Курс мазмұны қазақ тілін ересек тұрғындар арасында оқыту бойынша тіл оқыту әдістемелері, тілдік білімді бағалау, бағалау құралдарының ерекшеліктері саласындағы тіл мамандары, оқытушылары, әдіскерлері, ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының әзірлеушілері, сарапшылары, тестілеу ұйымдастырушылары арасында үлкен қызығушылық тудырды.

         Курс барысында тілдік білімді бағалаудағы тест тапсырмаларының ерекшеліктері талқыланып, ҚАЗТЕСТ жүйесінің жаңа форматы ұсынылады. Тест тапсырмаларын әзірлеушілерге ҚАЗТЕСТ-тің жаңа форматы негізінде әзірленген практикалық тапсырмалар ұсынылып, сарапшылар тарапынан бағаланатын болады. Сонымен бірге, курс тыңдаушылары «Қырғызтест» өкілдері тарапынан әзірленген тілдік білімді бағалауға арналған тест тапсырмаларымен танысып, өзара пікір алмасты.   

          Іс-шара аясында ҚАЗТЕСТ жүйесін дамытуда үздіксіз еңбектеніп, қазақ тілінің барлық салада қолданылуын кеңінен насихаттап жүрген тест тапсырмаларының әзірлеушілері мен сарапшылары ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

          Курс қатысушылары ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту мен жетілдіру жолында атқарылып жатқан жұмыстардың маңызы мен ерекшелігіне тоқталып, аталған курстың мазмұны мен өткізілуіне жоғары баға берді.

          Курс соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.


     




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ