8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz

Жаңалықтар

«ҚАЗТЕСТ жүйесі: енгізу тәжірибесі, жетістіктері мен даму болашағы» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен 2017 жылғы 25-27 қыркүйек аралығында Орал қаласындағы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің базасында облыстық тілдерді дамыту басқармасы, облыстық ішкі саясат басқармасы қызметкерлерінің, аудан әкімі аппараты басшыларының, аудандық білім бөлімінің әдіскерлері мен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшыларының, ұлттық тестілеу орталығы филиалдарының (аудандық, қалалық)   жауапты мамандарының қатысуымен «ҚАЗТЕСТ жүйесі: енгізу тәжірибесі, жетістіктері мен даму болашағы» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Үш күндік семинар жұмысына 70-ке жуық  тыңдаушы қатысты.

Семинар-тренингті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту жөніндегі басқарманың басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Мұқаметқали Мәншүк Мұқаметқалиқызы өткізді.

Семинар барысында М.М. Мұқаметқали ҚАЗТЕСТ жүйесінің маңызы мен атқаратын рөлі, құрылу тарихы, ҚАЗТЕСТ жүйесінің құрылымы, тапсырмалардың мазмұны, тапсырмалардың тіл білімін бағалауға лайықтылық  дәрежесі, ҚАЗТЕСТ жүйесінің ересек тұрғындардың қазақ тілін меңгерудегі ықпалы туралы жан-жақты баяндады. Сонымен бірге, тыңдаушылар ҚАЗТЕСТ жүйесінің бөліктері – Тыңдалым, Жазылым, Оқылым мен Лексика-грамматикалық бөліктер бойынша тапсырмалардың мазмұнымен танысып, әр күн семинар соңында аталған бөліктер бойынша тапсырмалар орындады. Талқылау, сұрақ-жауап түрінде өткен семинар-тренингте тыңдаушылар «Қазтест»  қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі туралы жан-жақты ақпарат алды.

Іс-шара соңында қатысушыларға сертификат  берілді.

Kaztest_oral подробно (2).JPG
Kaztest_oral подробно (1).JPG
Kaztest_oral анонс (4).jpg




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ