8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
ОНЛАЙН БАЙҚАУ СЫНАҚТАР

Оқиғалар

Конференцияда кездесейік! Педагогикалық өлшемдер бойынша жетістіктерді талқылау

Қымбатты әріптестер! 

«Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК «Білім және ғылым саласындағы математикалық моделдеу және ақпараттық технологиялар (БҒММАТ)» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында Педагогикалық өлшемдер: жағдайы мен болашағы деп аталатын 5 секцияға қатысуға шақырады.

Аталған секцияда педагогикалық өлшемдердің дамуы, оның қазіргі жағдайы, статистикалық теориясының сипаттары туралы сұрақтар мен проблемалар бойынша тәжірибе алмасып, әңгіме-дүкен құрғымыз келеді.

Оқушылар мен студенттердің дайындық деңгейлерін өлшеу мақсатында сапалы тест тапсырмаларын әзірлеумен, практикалық білім беру іс-әрекеті ретіндегі педагогикалық өлшемдермен байланысты өзекті проблемаларды талқылау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, әрине, оқу жетістіктерінің мониторингі мен оның қорытындылары туралы да сөз қозғалады.

Сіздерге жаңа білім алуға, отандық және шетелдік мамандармен тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндіктер туып отыр. Біздің секцияға қатыса отырып Сіздер педагогикалық өлшемдердің жаңа беталыстары туралы көптеген қажетті және өзекті ақпаратарға ие бола аласыздар. Сонымен бірге, конференция Сіздерге өздеріңіздің жеке жоспарларыңыз бен идеяларыңызды іске асыруға және іскерлік байланыстардың шеңберін кеңейтуге мүмкіндіктер береді.

Сіздерді конференцияда күтеміз: Алматы қ., 1-2 қазан, 2015 ж., Абай атындағы ҚазҰПУ.

Ақпараттық хат қосымша ретінде берілген.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ