8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
ОНЛАЙН БАЙҚАУ СЫНАҚТАР

Оқиғалар

«Білім беру инновациялары: ізденіс және шешімдер» атты ІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2015 жылдың 20 қарашасында Астана қаласында «Білім беру инновациялары: ізденіс және шешімдер» атты ІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Конференция аясында «Білім берудегі құрылымдық реформалар жағдайындағы педагогикалық өлшеулер" дөңгелек үстелінің жұмысы ұйымдастырылады. Дөңгелек үстелге қатысушылардың баяндамалары келесі мәселелерді қамтиды: оқушылардың оқу нәтижелерін бағалау, тест тапсырмаларының сапасын бағалау, халықаралық салыстырмалы зерттеудің нәтижелерін қолдану, басшылықтың шешім қабылдауына емтихан нәтижелерінің интерпретациясы және т.б.

Конференцияға қатысушылардың жаңа білім алуға, отандық және шетелдік мамандармен тәжірибе алмасуға мүмкіндігі бар. Конференция педагогикалық өлшеудің жаңа тенденцияларын білуге, мейлінше пайдалы және өзекті ақпараттарды алуға, жеке жоспарларыңыз бен ойыңызды және іскерлік байланысты күшейтуге мүмкіндік береді.

Конференция өтетін орын: Астана қ., Орынбор к-сі 4, «Алтын Орда» бизнес-центрінің конференция залы.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ