8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
2017 ж. КТ нәтижелері

Оқиғалар

«Математикалық модельдеу және білім беру мен ғылымдағы ақпараттық технология» атты VII Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы аясында өткізілген «Педагогикалық өлшеулер: жағдайы және болашағы» секция қорытындысы

2015 жылдың 1-2 қазан күндері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде педагогика ғылымдарының докторы, профессор Е. Ы. Бидайбековтің 70 жылдық мерейтойына және мектеп информатикасының 30 жылдығына арналған «Математикалық модельдеу және білім беру мен ғылымдағы ақпараттық технология» атты VII Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті. Конференцияға ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдері, жетекші отандық және шетелдік ғалымдар, университеттер, академиялық мекемелер өкілдері және білім беруде АКТ қолдану саласындағы жаңашыл педагогтар қатысты.

Конференциядағы  «Педагогикалық өлшеулер: жағдайы және болашағы» секция жұмысына 27 адам қатысты, оның ішінде 8-і Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері.

Секция жұмысы орта, жоғары және ЖОО-нан кейінгі білім алушылардың білім сапасының бағалануы; оқыту нәтижелерін өлшеу құралдар жиынтығын құрастыру; ұлттық емтихандар нәтижелерін интерпретациялау және білім сапасын жақсартуда шешім қабылдау үшін қолдану мәселелерін қамтыды.

Аталған секция жұмысының нәтижесінде төмендегідей ұсыныстар қабылданды:

1. Ұлттық тестілеу орталығында емтихан және мониторингтік зерттеулерге аналитикалық шолу жұмыстарын жалғастыру және шолуды педагог қауымына қолжетімді болуын қамтамасыз ету;

2. ҚР педагогикалық бағыттағы жоғарғы оқу орындарының магистрлік оқыту бағдарламасына «Білім беру сапасын бағалау» пәнін таңдау курсы қатарына қосу; мазмұнын саралауда Ұлттық тестілеу орталығының тәжірибелерін ескеру;

3. Абай атындағы ҚазҰПУ-де «Педагогикалық өлшеулер» мамандығы бойынша магистрлер дайындау үшін лицензия алуға ҚР БҒМ өтініш беру.

 

 




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ