8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
2017 ж. ПҚБТ нәтижелері

Оқиғалар

Білім беру сапасын бағалаудың Еуразиялық қауымдастығының III Халықаралық конференциясы 7-8 қараша 2014 жыл, Астана қаласы

2014 жылдың 7-8 қараша аралығында Астана қаласында Білім беру сапасын бағалаудың Еуразиялық қауымдастығы мен Ұлттық тестілеу орталығының ұйымдастыруымен «Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін дамытудағы бағыттар мен ерекшеліктер» тақырыбында БСБЕҚның ІІІ Халықаралық конференциясы өткізілді.

Конференцияға білім сапасын бағалау саласында жұмыс істейтін қазақстандық, ресейлік және шетелдік мамандар, сарапшылар мен зерттеушілер қатысты. Тіркелген қатысушылардың жалпы саны 8 елден 60 қатысушыны құрады: Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Татарстан, Якутия, Тәжікстан Республикасы, Чехия, Беларусь Республикасы және Қырғызстан Республикасы.

Конференция жұмысында халықаралық жетекші ұйымдар мен білімді жетілдіру институттары, сол сияқты ТМД өкілдерінің қатысуымен халықаралық және аймақтық секциялар, пленарлық отырыстар өткізілді.

Конференцияның өткізілуі барысында білім беру сапасын бағалау аясындағы өзекті сұрақтар талқыланып, мынадай баяндамалар жасалды: «Оқу жетістіктерін сырттай бағалау, жайы мен болашағы», Т.Ж. Ынтымақов (ҰТО); «ОЖСБ – 2014 аясындағы тест қорытындыларына психометриялық талдау», Г.С. Примбетова, (ҰТО); «ТМД елдеріндегі мектептегі білім сапасын бағалау ұлттық жүйесін дамытудың кейбір аспектілері: сарапшылық шолу», В.А. Болотов, БСБЕҚ президенті (Ресей Федерациясы); «Ресей Федерациясы ұлттық емтихандар жүйесінің міндеттері мен болашағын дамыту»,О.А. Решетникова, (Ресей Федерациясы); «Беларус Республикасындағы жалпы орта білім сапасын бағалаудың жайы мен келешегін дамыту», Л.А. Худенко, (Беларусь Республикасы); «Мектепті дамытуда қызығушылық танытатын Bright Light құралын Қазақстанда қолдану жөніндегі жобаның нәтижесі», Д. Пешек, (Чех Республикасы).




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ